19.04.2017, 16:29 4396

"Астана Опера" Камералық залында Ғалия Бейсенғалиеваныӊ "Таӊғажайып Моцарт..." атты концерті өтеді

- Маған өз Отанымда өнер көрсеткен қымбат, бұл меніӊ туған топырағым. Исіресе мен оны өмірі қайнап жатқан және ғаламшардыӊ тыныс-тіршілігі сезілетін жас әрі қарқынды дамып келе жатқан Астанада жақсы сезінемін. Бұл меніӊ тамаша ұжыммен төртінші рет өнер көрсетуім, әрбір кездесу ерекше естеліктер қалдырады,- деп атап өтті Ғалия Бейсенғалиева.

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today -Биылғы жыл ол үшін қызыққа толы оқиғалардан- Үндістан қалаларында өткен үлкен турнеден басталды, содан кейін Ұлыбританияныӊ еӊ беделді залдарында өнер көрсетті. Дарынды скрипкашы Ғалия Бейсенғалиеваныӊ әрбір күні - әрбір минуты есептеулі. Алайда қайда жүрсе де, оныӊ жүрегі әрдайым туған қазақстандықтармен бірге. Бүгінде Лондонда тұратын отандасымыз 4 мамырда, "Астана Опера" Камералық залында "Таӊғажайып Моцарт..." концертінде өнерін паш етеді.

Концертке Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновтіӊ жетекшілік етуімен "Астана Опера" Камералық оркестрі қатысады.

Ғалия Бейсенғалиева кеш бағдарламасын осы жылы 60 жасқа толатын әкесі - көрнекті скрипкашы, Қазақстанныӊ симфониялық оркестрініӊ концертмейстері, профессор Сағадат Бейсенғалиевке арнаған. Оныӊ 1989 жылы қайтыс болғанын еске саламыз. Концерт бағдарламасына енген В.А.Моцарттыӊ шоқтығы биік туындыларыныӊ бірі - Скрипкалық концерт оныӊ сүйікті шығармасы болған.

- Маған өз Отанымда өнер көрсеткен қымбат, бұл меніӊ туған топырағым. Исіресе мен оны өмірі қайнап жатқан және ғаламшардыӊ тыныс-тіршілігі сезілетін жас әрі қарқынды дамып келе жатқан Астанада жақсы сезінемін. Бұл меніӊ тамаша ұжыммен төртінші рет өнер көрсетуім, әрбір кездесу ерекше естеліктер қалдырады. Маэстро Абзал Мұхитдиновпен бірге жұмыс жасағанды өте жақсы көремін, ол шабыт беретін, нәзік және тереӊ ойлы музыкант. Оныӊ кәсіби дарыны мен шеберлігі әртістерге сенімділік пен еркіндік береді. Сонымен қатар мені "Астана Опера" театрыныӊ көрерменге толы залдары қуантады, көпшілік қауым арасында меніӊ құрдастарым көбірек байқалады. Жас ұрпақ үйлесім мен сұлулықтан құралған, бізді игілік пен ізгілікке шабыттандыратын классикалық музыкаға және өнерге қызығады. Уақыт зымырап, заман өзгерген сайын еліміз әлемдік интеграцияға ұмтылуда, ал өнер - әлемдік мәдениеттіӊ маӊызды бөлігі,- деп атап өтті Ғалия Бейсенғалиева.

"Астана Опера" театрындағы концерттен кейін скрипкашыны Нью-Йорктіӊ және Лос-Анджелестіӊ көрермені күтеді. Содан кейін Абу-Дабиде Заманауи лондондық оркестрдіӊ сүйемелдеуімен оныӊ жеке шығармаларыныӊ тұсауы кесіледі.

Концерттіӊ басталуы 19.00, билет бағасы - 2000 теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны