18.03.2017, 10:58 5980

"Астана Опера" Камералық залында "Қазақквартетпен әлемге саяхат" атты үлкен музыкалық циклдан концерт өтеді

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетініӊ сапары жалғасады. 18 наурызда "Астана Опера" Камералық залыныӊ сахнасында "Қазақквартетпен әлемге саяхат" атты үлкен музыкалық циклдан концерт өтеді. Музыканттар тыӊдармандыАлманияға барып қайтқандай әсерге бөлемекші.

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетініӊ сапары жалғасады. 18 наурызда "Астана Опера" Камералық залыныӊ сахнасында "Қазақквартетпен әлемге саяхат" атты үлкен музыкалық циклдан концерт өтеді. Музыканттар тыӊдармандыАлманияға барып қайтқандай әсерге бөлемекші.

- Осы циклдыӊ идеясы - әрбір жаӊа концертте әр түрлі елдер мен дәуірлердегі композиторлардыӊ шығармашылығын паш ету. Алдағы уақытта өтетін кеш неміс композиторларыныӊ мұрасына арналған, жоспарда француздық, италиялық, латын американдық, австриялық композиторлардыӊ шығармашылығына назар аудару жоспарға алынған, сондай-ақ біздіӊ барлық саяхатымыз Қазақстаннан басталатындықтан, бағдарламалардыӊ әрқайсысында қазақстандық композиторлардыӊ да музыкасыұсынылады,- деп атап өтті Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Квартеттіӊ жетекшісі Ернар Мыӊтаев.

Концерт бағдарламасына И.С.Бахтыӊ "Фуга өнері", Ф. Мендельсонныӊ №6фа минор ішекті аспаптар квартеті және А. Жайымныӊ №1 ішекті аспаптар квартетісияқты әйгілі шығармалар енгізілген.

Квартеттіӊ қатысушылары - Айдар Тоқталиев (1-скрипка), Алексей Лебедев (2- скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), Ернар Мыӊтаев (виолончель) - бағдарламаға қандай шығарма енгізуге болатынын ұзақ талқылаған.

- Егер неміс композиторларыныӊ шығармашылығына назар аударсақ, біз оныӊ өте ауқымды екенін байқаймыз. Ұзаққа созылған талқылаудан кейін біз кемеӊгер неміс композиторы И.С.Бахтыӊ музыкалық туындыларынсыз концерт толық болмайтыны туралы ортақ пікірге келдік. Романтикалық бағыттағы неміс музыкасыныӊ тағы бір жарқын өкілі - Ф. Мендельсон. Азғантай өмір сүргеніне қарамастан ол өзінен кейін көптеген ғажайып, әсерлі, екпінді шығармалар, соныӊ ішінде ішекті аспаптар квартетін қалдырды.Концерт бағдарламасы Арман Жайымныӊ Ішекті аспаптар квартетімен аяқталады. Оныӊ музыкасын қай жерде орындасақ та,ол бәріне ұнайды,-деп аяқтады сөзін Ернар Мыӊтаев.

Концерттіӊ басталуы18:00, билет бағасы- 2000 теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны