14.05.2018, 11:45 4325

"Астана Опера" "Қараӊғыда шырқалатын музыка" қайырымдылық жобасын жүзеге асырмақшы

Ешбір жарықсыз, қараӊғыда орындалатын классикалық музыка жауһарлары, сонымен қатар заманауи композиторлар шығармашылығыныӊ үздік үлгілері өнерді қабылдаудан таӊғажайып әсер сыйлайды. Залдағы отырған әрбір жан музыканы естіп қана қоймай, оны сезіне де алады. Қиялдау мен елестету сыртқы орта мен ішкі жан-дүниеӊе жаӊаша үӊілуге ықпал етеді.

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - 16 мамыр күні "Астана Операныӊ" Камералық залында "Қараӊғыда шырқалатын музыка" атты бірегей қайырымдылық жоба өтеді. Концерттіӊ қызықты музыкалық-поэзиялық бағдарламасы тас қараӊғыда өтетін болады.

"Қараӊғыда шырқалатын музыка" қайырымдылық жобасы мүмкіндігі шектеулі жастардыӊ мәселелеріне көӊіл бөлу мақсатымен ұйымдастырылды. Концерттен түскен қаражаттар "Свет в темноте" корпоративтік қорына аударылады.

Ешбір жарықсыз, қараӊғыда орындалатын классикалық музыка жауһарлары, сонымен қатар заманауи композиторлар шығармашылығыныӊ үздік үлгілері өнерді қабылдаудан таӊғажайып әсер сыйлайды. Залдағы отырған әрбір жан музыканы естіп қана қоймай, оны сезіне де алады. Қиялдау мен елестету сыртқы орта мен ішкі жан-дүниеӊе жаӊаша үӊілуге ықпал етеді.

Концертке зағип кәсіби әншілер мен музыканттар Руслан Башаев пен Азамат Темірбаев қатысады. Камералық зал сахнасында контртенор Батыржан Смақов, сондай-ақ "Астана Опера" Симфониялық оркестрініӊ шебер музыканттары Зынхар Ахметбек (скрипка), Рақымжан Баспаев (виолончель), Махамбет Жарғақов (контрабас), Александр Тараскин (флейта), Константин Стригин (баян), Жанар Сейітханова (фортепиано) өнер көрсетеді. Сонымен бірге фортепиано партиясын Раушан Бескемпірова орындайды.

Классик композиторлардыӊ вокалдық әрі аспаптық туындылары, атап айтқанда Ф.Шуберттіӊ "Кешкі серенада", К.Дебюссидіӊ "Сиринкс", Ф.Шопенніӊ Вальс сis-moll (до диез минор), op. 64, №2 және т.б. шығармалар орындалады.

Бағдарламаға қазақстандық және шетелдік авторлардыӊ баршаға сүйікті әндері енді - Қ.Шілдебаевтыӊ "Отан Ана", М.Магомаевтыӊ "Синяя вечность", К.Франсуа мен Ж.Ревоныӊ "My Way", Д.Эллингтонныӊ "Don't Get Around Much Anymore", "Время свинга" кинофильмінен Дж.Кернныӊ "The Way You Look Tonight" әндері бар.

Тыӊдарман қауым халық аспабы - қобыздыӊ сарынын естіп, Ықылас Дүкенұлыныӊ "Аққу", "Ерден" күйлерінтыӊдай алады.

Бағдарламада оқылатын өлеӊ жолдары кештіӊ позэиялық арқауы болмақ.

Басталуы сағат19:00-де.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны