07.01.2017, 14:48 4064

"Астана Опера" театрында 19 қаӊтарда "Жанды баураған романс" атты жаӊа топтама концерттер басталады

"Жанды баураған романс" циклына қазақ және орыс классиктерініӊ шығармасын қамтыған бірнеше бағдарламалы концерттер енді. Аталған циклдыӊ вокалдық камералық музыкасыныӊ негізгі жанры - романс пен әндер.

Астана. 7 қаӊтар. Kazakhstan Today - 19 қаӊтарда өтетін "Вечер у камина" концерті "Жанды баураған романс" атты жаӊа циклды ашады. "Астана Опера" театрыныӊ Камералық залында талантты әншілер мен аспапшылар өнер көрсетеді,- деп хабарлайды театрдыӊ баспасөз қызметі.

"Жанды баураған романс" циклына қазақ және орыс классиктерініӊ шығармасын қамтыған бірнеше бағдарламалы концерттер енді. Аталған циклдыӊ вокалдық камералық музыкасыныӊ негізгі жанры - романс пен әндер.

Кеш тамаша әнші Елена Ганжаныӊ орындауындағы П. Баторинніӊ "Вечер у камина" романсынан бастау алады. Елена Низамутдинова, Татьяна Вицинская, Байғали Момбеков, Ерұлан Кәмел, Алмат Ізбәмбетов, Ермек Берімжанов, Біржан Өтеулиев,Алмаз Тоқпанов, Нұрлан Шауханов тәрізді көрнекті әншілеріміз,П. Чайковский, С. Рахманинов, А. Рубинштейн, А. Даргомыжский, Б. Шереметьев және басқа да көптеген ұлы композиторлардыӊ шығармаларын ұсынуға дайындалуда.

Қазақ романстары Алмат Ізбәмбетов пен Ерұлан Кәмелдіӊ орындауында шырқалады. Сонымен қатар бағдарламаға көпшілік сүйіп тыӊдайтын Е. Рахмадиевтіӊ "Таӊ самалы" туындысы енді.

Тереӊ ойға жетелейтін музыканы бағалаушыларға скрипкашылар ансамблініӊ мазмұнды репертуары ұсынылады. Оған танымал камералық музыка, соныӊ ішінде Г. Свиридов, А. Хачатурян және т.б. шығармалары кірді.

Саусағынан бал тамған музыканттар - Асқар Мұқанов (виолончельші), Иліби Асақаев (гитарашы), Алмаз Тоқпанов (кларнетші), Біржан Өтеулиев(альтші), Раушан Бескемпірова (фортепиано) - аспапты музыканыӊ тамаша үлгілерін орындай отырып, кештіӊ романтикалық атмосферасын қанықтыра түседі.

Кешке күміс ғасыр ақындарыныӊ шығармашылығы поэзиялық арқау болады.

"Сахнада А. Рубинштейнніӊ "Түн" романсы алғаш рет Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Ғалия Байгазинованыӊ орындауында шырқалады. А. Рубинштейн -XIX ғасырдыӊ екінші жартысындағы музыка әлемініӊ басты тұлғаларыныӊ бірі. Ол - асқан шебер пианиношы, музыка өмірініӊ белді ұйымдастырушысы және аса көрнекті композитор. Біз тыӊдарманға бірқатар музыкалық тосынсыйдайындадық, сондықтан қаӊтардыӊосынауызғарлы күндері паш ететін өнерімізолардыӊ жүрегін жылытатынына үміттенеміз", - дейді музыкалық кеӊесші, концертмейстер, халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Раушан Бескемпірова.

Концертті жүргізуші - музыкатанушы Сәуле Мәулетова.

Концерттіӊ басталуы 19:00, билет құны - 2 000 теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны