18.01.2017, 12:56 4355

"Астана Опера" театрында 28 қаӊтарда "Ұлы Мәртебелі Рояль" циклынан Исел Ибілсейітованыӊ концерті өтеді

Бүгінде жас орындаушы Қазақстан, Ұлыбритания, Италия, Алмания, Швейцария, Франция және тағы басқа елдерде табысты өнер көрсетіп, концерттік қызметін белсенді жүргізіп келеді. Иселдіӊ негізгі мақсаттарыныӊ бірі - қазақстандық орындаушылық өнерді шетелде насихаттау.

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Сәнге айналған классика!" - "Астана Опера" театрындағылардыӊ бұл тұжырымы әділетті. 28 қаӊтарда театрдыӊ Камералық залында "Ұлы Мәртебелі Рояль" циклынан өтетін концерт осылай аталады. Кеште дарынды қазақстандық пианиношы, Лондондағы Корольдік академияныӊ түлегі Исел Ибілсейітова (Швейцария) тыӊдарманға қызықты бағдарламасын ұсынады.

Бүгінде жас орындаушы Қазақстан, Ұлыбритания, Италия, Алмания, Швейцария, Франция және тағы басқа елдерде табысты өнер көрсетіп, концерттік қызметін белсенді жүргізіп келеді. Иселдіӊ негізгі мақсаттарыныӊ бірі - қазақстандық орындаушылық өнерді шетелде насихаттау.

И. Ибілсейітова Базельдіӊ Жоғары музыка мектебініӊ (Швейцария, Ф. Гамба класы) магистрлік дәрежесініӊ иесі болып табылады. Ол Дж. О'Коннор, П. Девойон, Е. Судьбин, С. Кроуфорд-Филлипс сияқты танымал музыканттардан дәріс алып, шеберлік сабақтан өткен; Я. Шмолькпен, Л. Чилингирянмен, М. Венгеровпен және т.б. әріптестік құрған.

Тыӊдарман қауымға ұлы композитор, кемеӊгер пианиношы Сергей Рахманиновтыӊ атақты 23 шығармалар прелюдияларын ұсынады. С. Рахманиновтыӊ фортепианолық прелюдиялары өзініӊ ауқымдылығымен, "концерттік" сипатымен және музыкасыныӊ айқын бейнелілігімен ерекшеленеді. Чехияныӊ белгілі композиторларыныӊ бірі Леош Яначектіӊ "Тұманда" сюитасы орындалады. Сыншылар чехиялық классиктіӊ музыкасын өте заманауи әрі жаӊа, сонымен бірге "өзімен бірге еліктіріп әкететін жалынды және өмір сияқты құбылмалы" екенін айтады. Роберт Шуманныӊ дарынды пианиношы, өзініӊ жұбайы Клара Викке арнаған №1 сонатасы, фа-диез минор, 11-шығармасы орындалады. Туынды кенеттен пайда болатын қайшылықтар мен ауысулардан тұратын мәнерлілігімен, қарқындылығымен, сонымен қатар романтикалық және классикалық даму нормаларыныӊ тамаша үйлесімділігімен сипатталады.

Басталуы 18:00, билет бағасы - 2000 теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны