11.01.2017, 11:16 4431

"Астана Опера" театрында француз стиліндегі балет көрсетілімі өтеді

Елордалық көрермен француз композиторы Морис Жаррдыӊ "Париж Құдай Анасыныӊ соборын" 15 және 18 қаӊтарда "Астана Опера" театрыныӊҮлкен залында тамашалай алады,- деп хабарлайды театрдыӊ баспасөз қызметі.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елордалық көрермен француз композиторы Морис Жаррдыӊ "Париж Құдай Анасыныӊ соборын" 15 және 18 қаӊтарда "Астана Опера" театрыныӊҮлкен залында тамашалай алады,- деп хабарлайды театрдыӊ баспасөз қызметі.

Кейінірек, 1 және 2 ақпанда аты аӊызға айналған спектакльді "Астана Опера" театрыныӊ балеттік труппасы Мариинский театрыныӊ (Санкт-Петербор қ., Ресей) жаӊа сахнасында орындайды.

"АстанаОпера" театры Невадағы қалада жиі қонақтайды. Және 2017 жылдыӊ алғашқы гастролініӊдәл осы жердеөтетіні, қуанарлық жағдай.

"Балеттік труппамыз Мариинский театрыныӊ сахнасында Гала балетпен өнер көрсеткен, енді біз ауқымды да күрделі спектакльді алып бармақпыз- бұл жауапкершілікті жүктейді. Ирине, сапар алдындашамалытолқу да бар. Алдымен өз сахнамызда билейтіндіктен, бойымызға жағымды күш-қуат жинап алсақ дейміз және қазақстандық көрермен бізді жылы лебізбен шығарып салғанын күтеміз. Спектакльдіӊ тұсаукесері үлкен жетістікке ие болды, дегенмен, балет тынбайжұмысжүргізудіӊ арқасында пісіп жетіледі. Сахнаға шыққан сайынбіз ізденеміз және жаӊа көзбен қараймыз, рөлді тереӊірек сезіну үшін, бұрынғыдан да жақсарту үшін қызықты идеяларды ұсынамыз. Меніӊ партиям Эсмеральдаға келсек,кейіпкерімніӊ эмоциясын жеткізу үшін үнемі жұмыс істеймін", - деді "Астана Опера"театрыныӊ жетекші солисті, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Мәдина Баспаева.

Петерборлық көрермен "Париж Құдай Анасыныӊ соборын" Ролан Петидіӊ қойылымында тамашалайды. Ол спектакльді 1965 жылы өзі сияқты атақтылармен: керемет сәнқой кутюрье Ив Сен-Лоран, композитор-авангардист Морис Жарр және танымал театр және кино суретшісі Рене Аллиомен жүзеге асырып еді. Күш-жігерін біріктіре отырып олар өз дәуірініӊ еӊ стильді қойылымдарыныӊ бірін, сол кезде сәнге айналған минималистік стильде паш етті.

Спектакльде өнер көрсететін екі құрамныӊ әртістері: Квазимодо партиясы- Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Рүстем Сейітбеков және бірнеше халықаралық байқаулардыӊ Гран-при иегері Бақтияр Адамжан, Эсмеральданыӊ рөлінде - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткерлері Мәдина Баспаева және Ийгерім Бекетаева, Феб - халықаралық байқаулардыӊ лауреаттары Арман Оразов пен Олжас Тарланов, Клод Фролло - халықаралық байқаулардыӊ лауреаттары Серік Нақыспеков, Ғазиз Рысқұлов.

Аталған гастроль "ЭКСПО-2017" бағдарламасыныӊ аясында жүзеге асады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны