06.02.2017, 18:41 4642

"Астана Опера" театрында "Ғасырлар тоғысында" концерті өтеді

8 ақпанда "Астана Опера" театрыныӊ Камералық залы сахнасында "Ғасырлар тоғысында (ХІХ-ХХ)" концерті өтеді.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - ХІХ ғасырдыӊ соӊы мен ХХ ғасырдыӊ басында музыка тарихи оқиғаларды бейнелейтін бірден-бір қайнар көз ретінде қызмет етіп, көптеген ұлы композиторлар сол оқиғалардыӊ куәгері болды. Осы бір қиын кезеӊде дүниеге келген әсерлі аспапты шығармалар, елорда тұрғындары мен қонақтарыныӊ назарына ұсынылмақшы.

8 ақпанда "Астана Опера" театрыныӊ Камералық залы сахнасында "Ғасырлар тоғысында (ХІХ-ХХ)" концерті өтеді.

Аталған кеште талантты музыканттар - пианиношылар Вячеслав Узбеков, Эльмира Сұлтанғазина, Данияр Есімханов, Гүлдана Төлепберген, Ілияс Өзбеков, скрипкашы Балнұр Құдайберген және кларнетші Алмаз Тоқпанов өнерін паш етеді.

Концерт бағдарламасында А.Скрябинніӊ фортепианолық шығармалары. Авторлық стилініӊ ерекшелігі, өткірлігі мен жаӊашылдығы арқылы Александр Скрябинніӊ шығармашылығы екі жүзжылдық тоғысындағы қызу кезеӊнен және жаӊа, жиырмасыншы ғасырдан сыр шертеді.

Ийгілі композитор және шебер пианиношы С.Прокофьевтіӊ еӊ танымал шығармаларыныӊ бірі - ақын Б. Веринге арнаған №3 сонатасы, ля минор, ор.28 орындалады. Мұнымен қатар, тыӊдарман назарына Э.Элгардыӊ Мари Джошуаға арнап жазғанскрипка мен фортепианоға арналған сонатасы, ми минор, ор.82 ұсынылмақшы. Эдуард Элгардыӊ жарқын да көркем, әуені әсерлі музыкасы романтикалық бағыттағы әйгілі шығармалардыӊ қатарында.

Сондай-ақ, көрерменге Клод Дебюссидіӊ кларнет пен фортепианоға арналған №1 (L 116) рапсодиясы ұсынылады. Шығармада француздық композитор-импрессионистке тән талғампаздық, қиялшылдық, жұмбақ әлемге бейімділік, нәзіктік пен бай мәнерлілік көрініс тапқан.

Басталуы 19.00, билет бағасы - 2000 теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны