26.10.2016, 10:24 2920

"Астана Опера" театрында қазақ баритондарыныӊ королі атанған Ермек Серкебаевтыӊ 90 жылдығына орай "Төбемде көк аспан" атты концерт өтеді

Биыл баритондар королі, аса көрнекті опера әншісі, Қазақ КСР және КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевқа 90 жыл толар еді. 1 қарашада "Астана Опера" театрында "Төбемде көк аспан" атты концерт өткізіліп, театр солистері мен шығармашылық ұжымы өз өнерін ұлы әртістіӊ шығармашылығына арнайды,- делінген хабарламада.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - "Астана Опера" театрында қазақ баритондарыныӊ королі атанған Ермек Серкебаевтыӊ 90 жылдығына орай "Төбемде көк аспан" атты концерт өтеді, деп хабарлайды театрдыӊ баспасөз қызметі.

"Оныӊ даусы миллиондардыӊ жүрегінен орын тапты. Оны елі мақтан тұтып, күллі әлем сүйді, оныӊ әндері халықтыӊ басын қосты. Биыл баритондар королі, аса көрнекті опера әншісі, Қазақ КСР және КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевқа 90 жыл толар еді. 1 қарашада "Астана Опера" театрында "Төбемде көк аспан" атты концерт өткізіліп, театр солистері мен шығармашылық ұжымы өз өнерін ұлы әртістіӊ шығармашылығына арнайды,- делінген хабарламада.

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтыӊ шығармашылық жолы соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ өнерімен тұспа-тұс келді. Жас әнші Күләш және Қанабек Байсейітовтер, Құрманбек Жандарбеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Байғали Досымжанов сынды кемеӊгерлеріміз еӊбек етіп жатқан қазақстандық өнер әлеміне аяқ басқанына бақытты еді. Жан-жақты болған нағыз талант иесі опера сахнасы, ұстаздық, кино және эстрада сынды өнердіӊ көптеген бағытында өзін танытты. Оныӊ орындауындағы опералық ариялар мен әндер, әлі күнге дейін өз биігінен түскен жоқ. Ол жас әншілер арасынан нағыз опера саӊлақтарын тәрбиелеп шығарды, оныӊ қатысуымен түсірілген "Тақиялы періште", "Медеудегі кездесу", "Біздіӊ сүйікті дәрігер" фильмдері қазақ киносыныӊ алтын қорын толықтырды.

- Ермек Бекмұхамедұлымен алғашқы кездесуім әлі есімде. Маэстромен бір театрда жұмыс жасау - мені қатты толғандырды! Оныӊ кәсіби кеӊестері мен айтқан ақылдары біз үшін өте қымбат. Кез-келгенніӊ мүмкіндігі жете бермейтін музыканыӊ биік шыӊын бағындырған адаммен замандас болып, бірге жұмыс жасаудыӊ өзі бақыт. Ермек Бекмұхамедұлыныӊ көзін көрген театр әртістері, онымен бірге өткізген әр сәтімізді асқан жылулықпен еске аламыз және осы кешке қатыса отырып, әрқайсымыз іштей өз өнерімізді ұлы әншіге арнаймыз, - дейді жетекші солист Дина Хамзина.

Концертте опералық сахнаныӊ қайталанбас бейнесін сомдап жүрген "Астана Опера" театрыныӊ жетекші солисттері Дина Хамзина, Айгүл Ниязова, әлемге танылып үлгерген жас әнші Мария Мудряк өнер көрсетеді.

Театр әртістері Талғат Мұсабаев, Жанат Шыбықпаев, Талғат Ғалеев баритондар шеруін өткізеді. Олар Ермек Серкебаевтыӊ репертуарынан еӊ танымал шығармаларды: А. Жұбанов пен Л. Хамидидіӊ "Абай" операсынан Абайдыӊ ариясын, Дж. Россинидіӊ "Севильдік шаштараз" операсынан Фигароныӊ каватинасын, С. Мұхамеджановтыӊ "Айсұлу" операсынан Серкеніӊ каватинасын және басқасын орындайды.

Шақырылған әртістер қатарында - баритондар - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, "Астана Опера" театрыныӊ бірнеше жетекші солистін тәрбиелеген құрметті педагог, профессор Шахмардан Ибілев және белгілі опера әншісі Азамат Жылтыргөзов.

Исем тембрімен бас Барсег Туманян да кештіӊ көркін ашады.

Опера труппасыныӊ жетекшісі, Ермек Серкебаевтыӊ шәкірті Байғали Момбеков үшін бұл кеште өнер көрсету - ерекше толғанысқа толы болады.

Кеш қонағы - Анастасия Москвина (Беларусь Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген әртісі). Сопрано "Астана Опера" театры мен Беларусь Үлкен театры арасындағы екі жақты келісім аясында өнер көрсетпекші.

Концерт, дирижер - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басқаратын "Астана Опера" Симфониялық оркестрі мен бас хормейстер, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Ержан Дәуітовтіӊ жетекшілігіндегі хордыӊ қатысуымен өтеді.

Концерттіӊ басталуы 19.00

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны