28.12.2013, 20:30 3300

"Астана Опера" театрында "Ромео мен Джульетта" балетінің премьерасы өтті

"Астана Опера" театрында "Ромео мен Джульетта" балетінің премьерасы өтті

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. "Астана Опера" мемлекеттік балет және опера театрының сахнасында "Ромео мен Джульетта" премьерасы өтті, деп театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Бордо Операсы балеттік труппасының директоры,Өнер және әдебиет орденінің иегері(1990), Құрметті Легион орденінің иегері (1996) Шарль Жюд С.Прокофьевтің музыкасына қойылған әлемдік хореографияның жауһары саналатын "Ромео мен Джульетта" балетін сахналады. Басты партияларды орындайтын балеттің үздік солистері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Premio Roma Italy" сыйлығының лауреаты Мәдина Баспаева (Джульетта) және Тайыр Гатауов (Ромео) -бірінші құрамда, екінші құрамда өнер көрсететіндер: Ийгерім Бекетаева (Джульетта) мен Рүстем Сейітбеков (Ромео), үшінші құрамда -Гауһар Усина (Джульетта) мен Еркін Рахматуллаев (Ромео).

"Шарль Жюд балетті классикалық стильде қойды. Оның негізіне Рудольф Нуриевтің аты аңызға айналған Гранд-Опера театрының сахнасында қойған қойылымы алынды, ол кезде Тибальдтің партиясын Жюдтің өзі орындаған еді. "Ромео мен Джульетта" балеттік спектаклі Рудольф Нуриевтің кезінен бастап Шарль Жюдке және "Астана Опера" театрының труппасына дейінгі ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, театрымыздың репертуарында өзінің лайықты орнын алды", - дейді Т.Нұрқалиев.

Француз хореографы көрермендер назарына кімге де болса түсінікті, сонымен қатар әркім өзінше қабылдайтын бейнелерді ұсынды. Уильям Шекспирдің либреттосында қайғылы аяқталатын бозбала мен бойжеткеннің алғашқы кіршіксіз махаббаты жырланды. Арманшыл және бақытты ғашықтардың көркем картинасының тыныштығын психологиялық аласапыран, қайғылы тағдырдың мұңы мен қасіреті бұзды. Сергей Прокофьевтің керемет музыкасы көрерменді күшті эмоциялық шиеленіске баулыды. Театр сахнасындағы керемет декорацияларға жан бітіп, көрермен сонау 16 ғасырға бойлайды, қанды қақтығыстың тоқтамына балаларынан айрылғанда ғана келетін екі отбасының отағалары - Капулетти мен Монтеккидің арасындағы атыс-тартысты тамашалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны