05.07.2018, 20:08 3785

"Астана Опера" театрыныӊ жетекші балет солисі Бақтияр Адамжанды "Нұр Отан" партиясына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті

Еліміздіӊ мәдениет қайраткерлерініӊ көпшілігі "Нұр Отан" партиясына мүше болып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ салиқалы саясатын қолдап жүргені белгілі. Мемлекет басшысы өнер саласын дамытуға баса назар аударып, жас дарындар, ғалымдар, спортшылар, мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетеді, олардыӊ шығармашылық әрі тұлғалық тұрғыдан қанат жаюына көмектеседі.

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - "Астана Опера" театрыныӊ жетекші балет солисі, көптеген халықаралық байқаулардыӊ Гран-при иегері Бақтияр Адамжанды "Нұр Отан" партиясына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Еліміздіӊ мәдениет қайраткерлерініӊ көпшілігі "Нұр Отан" партиясына мүше болып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ салиқалы саясатын қолдап жүргені белгілі. Мемлекет басшысы өнер саласын дамытуға баса назар аударып, жас дарындар, ғалымдар, спортшылар, мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетеді, олардыӊ шығармашылық әрі тұлғалық тұрғыдан қанат жаюына көмектеседі.

Бақтияр Адамжан -әлем бойынша сұранысқа ие балет әртісі. Өз жетістіктерімен ол шетелдерде Қазақстанныӊ даӊқын асырып келеді. "Астана Операныӊ" жетекші солисі Мәскеудегі Халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауында (Ресей, 2017) Гран-при жеӊіп алған (Алтын медаль иегері) алғашқы қазақстандық, сонымен қатар ол Dance Open (Санкт-Петербор, Ресей) беделді халықаралық балет сыйлығыныӊ лауреаты атанған тұӊғыш қазақстандық болып табылады. Сондай-ақ Б.Адамжан VKIBC Валентина Козлованыӊ халықаралық балет әртістері байқауыныӊ тарихындағы алғашқы Гран-при иегері (Нью-Йорк, АҚШ).

- Бұл мен үшін өте маӊызды күн. "Нұр Отан" партиясы Қазақстан Республикасыныӊ Президентімен қойылған жоспарлар мен міндеттерді жүзеге асыруға үлкен үлес қоспақ. Партия мүшесі болғаным үшін қуанышым шексіз және күш-жігерім жеткенше пайдалы іс атқаруға дайынмын. Сонымен бірге Елбасыға көреген саясаты үшін алғысымды жеткізіп, туған күні қарсаӊында Нұрсұлтан Ибішұлына зор денсаулық пен ашық аспан астында бейбіт ғұмыр тілегім келеді, - деді Бақтияр Адамжан.

Естеріӊізге сала кетсек, "Нұр Отан" - Қазақстанныӊ ірі партиясы. 1999 жылы ел Президентініӊ бастамасымен "Отан" партиясы атауымен құрылған, Н.Назарбаев партияныӊ көшбасшысы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны