29.01.2015, 21:31 4374

"Астана Опера" Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай концерттер легін өткізеді

Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арнап "Астана Опера" театры "Барлық заманға сай классика" атты қайырымдылық концерттер легін өткізеді. Музыкалық жобаныӊ алғашқы шарасы - 30 қаӊтарда "Астана" ұлттық сурет галереясыныӊ залында өтетін мерекелік концерт

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арнап "Астана Опера" театры "Барлық заманға сай классика" атты қайырымдылық концерттер легін өткізеді. Музыкалық жобаныӊ алғашқы шарасы - 30 қаӊтарда "Астана" ұлттық сурет галереясыныӊ залында өтетін мерекелік концерт, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Астана Опера" театрыныӊ музыкалық жетекшісі Абзал Мұхитдиновтыӊ айтуынша, жыл бойы 12 концерт өткізу жоспарланған. Басты мақсаты - Отанымызды қорғаған Ұлы отан соғысыныӊ ардагерлеріне, тылда еӊбек еткендерге және басқа да осы қуанышқа бізбен ортақтасатын жандарға классикалық өнердіӊ нәрін сусындауға мүмкіндік беру, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

"Барлық заманға сай классика" атты концерт бағдарламасында В.А. Моцарттыӊ шығармаларынан оркестрге, скрипкаға және альтқа арналған ми-бемоль мажор (kv364) концерттік симфониясы, сондай-ақ ариялар, дуэттер, қазақ, орыс және батысеуропалық композиторлардыӊ операларынан көрініс бар.

Концерт 19:00 басталады, кіру тегін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны