19.12.2012, 14:56 2709

"Астана - Орал" және "Павлодар - Қарағанды" бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде

"Тұрғындар тарапынан көптеген өтініштердің түсуіне байланысты 2013 жылдан бастап "Астана - Орал" және "Павлодар - Қарағанды" бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде", - делінген ведомство ақпаратында.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Астана - Орал" және "Павлодар - Қарағанды" бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта айтылған.

"Тұрғындар тарапынан көптеген өтініштердің түсуіне байланысты 2013 жылдан бастап "Астана - Орал" және "Павлодар - Қарағанды" бағдарлары бойынша жолаушылар пойызын іске қосу көзделуде", - делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, биыл жолаушылар пойызы мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің стандарттары әзірленген. Ондағы мақсат - жолаушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай әдісін енгізу және сапасын арттыру. Аталған стандарттар қазір келісілуде және 2013 жылы бекітілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны