21.01.2019, 21:27 8527

Астана Полиция Департаментініӊ Жергілікті полиция қызметі автокөлік ұрлықтарын ашуға және жолын кесуге бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын күнделікті түрде өткізеді

Іс-шараларды өткізу барысында күн сайын оталған көліктерін кілттерімен бірге қалдырып кету, ашық есіктер мен жүксалғыш бөліктерін ашық күйінде тастап кету фактілері анықталады.

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астана қ. ПД-ніӊ Жергілікті полиция қызметі басқармасыныӊ қызметкерлері түнгі және күндізгі уақытта автокөлік ұрлықтарын ашуға және жолын кесуге бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын күнделікті түрде өткізеді.

Іс-шараларды өткізу барысында күн сайын оталған көліктерін кілттерімен бірге қалдырып кету, ашық есіктер мен жүксалғыш бөліктерін ашық күйінде тастап кету фактілері анықталады.

Ағымдағы жылдыӊ 20-шы қаӊтарында Бірлікұлы 16 мекенжайы бойынша "Lada" маркалы автокөлігініӊ ашық, от алып тұрған күйінде тұрғаны анықталды.

Автокөлік жүргізушісініӊ айтуынша, ол моншадан шыққан кезінде көлігі жылы болып тұруы үшін көлігін от алдырып, кілтімен бірге ашық күйінде 20 минутқа қалдырып кеткен.

Өндіріс көшесіндегі №26/1 үйініӊ қасында "Mazda" маркалы автокөлігініӊ алдыӊғы есіктерініӊ ашық екені анықталды.

Сонымен қатар, "Volkswagen Transporter" маркалы көлігініӊ артқы есігі жабылмағаны анықталды. Көлік жүргізушісініӊ айтуынша, ол өзініӊ немқұрайдығыныӊ салдарынан көліктіӊ артқы есігін жаппаған.

Астана қ. Полиция Департаментініӊ Жергілікті полиция қызметі басқармасыныӊ қызметкерлері көлік ұрлықтары мен оларды айдап әкету фактілерін алдын-алу және болдырмау мақсатында көлік құралдарыныӊ иелеріне қырағы болуды, өз автокөліктерін от алған күйінде кілттерімен, ашық терезелермен, есіктермен және жүк салғышымен бірге қалдырмауды, көлік құралдарын мамандандырылған тұрақтарда, паркингтерде, жарықтандырылған жерлерде немесе бейнебақылау камераларыныӊ көріну аймағына қоюды ұсынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны