22.07.2015, 13:47 3387

Астана полициясы 20 мыӊ долларға алдап кеткен алаяқты іздестіруде

Астана қаласы ІІД "Алматы" ауданы ІІБ тергеу бөлімі ірі көлемде алаяқтық жасаған 1972 жылы туылған Тұтақаев Жасұлан Қалымұлына іздеу жариялады

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Астана қаласы ІІД "Алматы" ауданы ІІБ тергеу бөлімі ірі көлемде алаяқтық жасаған 1972 жылы туылған Тұтақаев Жасұлан Қалымұлына іздеу жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Автокөлігін сату сылтауымен жәбірленушініӊ сеніміне кірген ол 20 мыӊ АҚШ долларын иеленіп, бой тасалаған, деп хабарлады Астана қ. ІІД баспасөз қызметі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта "Алматы" ауданы ІІБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (аса ірі көлемде алаяқтық фактісі бойынша) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Егер осы адамды танитын, білетін, көргендер болса, Астана қ. ІІД "Алматы" ауданы ІІБ-ге мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: 71-67-10, 71-67-11, 71-67-09, тел. 102 немесе 8 701 774 38 79.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны