05.12.2012, 17:37 4417

Астана - Семей әуе рейстеріне "SCAT" әуе компаниясы қызмет көрсетеді

4 желтоқсаннан бастап Астанадан Семейге қатынайтын әуе рейстеріне "SCAT" әуе компаниясы қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана - Семей әуе рейстеріне "SCAT" әуе компаниясы қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

4 желтоқсаннан бастап Астанадан Семейге қатынайтын әуе рейстеріне "SCAT" әуе компаниясы қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

"Эйр Астана" әуе компаниясы Fokker 50 ұшақтарын қолданыстан шығаруына байланысты Семей және Орал қалаларына қатынайтын әуе рейстерін тоқтатты.

Астана - Семей бағдарындағы әуе қатынасын "SCAT" әуе компаниясы реактивті CRJ-200 әуе кемесімен жүзеге асыратын болады. Ұшу уақыты 1 сағат 45 минуттан 1 сағатқа дейін қысқарады. Ұшу жиілігі аптасына - 4 рет.

Астана-Орал бағдары бойынша жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында "SCAT" әуе компаниясы ұшу жиілігін аптасына 3 реттен 5 ретке дейін арттырды. Және аталған бағдар бойынша аптасына екі рет "Бек Эйр" әуе компаниясы ұшу рейстеріне қызмет көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны