07.08.2015, 10:50 3590

Астана соты Қайрат Жамалиевке үкiм шығарды

Соӊғы бес айдан берi қоғам назарында болған "Илiби iсiне" бүгiн заӊмен нүкте қойылды. Астана қаласыныӊ қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Жамалиевтi кiнәлi деп тауып, оған жаза мерзiмiн белгiледi

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Соӊғы бес айдан берi қоғам назарында болған "Илiби iсiне" бүгiн заӊмен нүкте қойылды. Астана қаласыныӊ қылмыстық iстер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Жамалиевтi кiнәлi деп тауып, оған жаза мерзiмiн белгiледi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сотталушылардыӊ айыбы толық дәлелдендi. Сот Қайрат Жамалиевтi ҚР Қылмыстық кодексiнiӊ 1-3 тармағы 2 бөлiмi 126-бабымен, 1 тармағы 2 бөлiмi 121-бабымен, 2 тармағы 4 бөлiмi 194-бабымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн кiнәлi деп тауып, оны 1-3 тармағы 2 бөлiмi 126-бабы бойынша 4 жылға, 1 тармағы 2 бөлiмi 121-бабы бойынша 7 жылға және 2 тармағы 4 бөлiмi 194-бабы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы шешiм шығарды. ҚР ҚК 1 және 3 бөлiмдерiнiӊ 58-бабыныӊ негiзiнде жазаны iшiнара бiрiктiру есебiмен сот Қ.Жамалиевке 13 жыл көлемiнде жаза мерзiмiн қатаӊ режимдегi колонияда өтеу туралы шешiм шығарды", - деп үкiмдi оқыды судья Ербол Рахымбеков, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, "Илiби iсiне" қатысы бар Арман Ибiлтаев пен Анатолий Прибытков те сотталды, олар сәйкесiнше 12 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардыӊ барлығыныӊ мүлкi тәркiленеді.

Естерiӊiзге сала кетейiк, биылғы жылдыӊ сәуiр айында Нұрлан Жұмағұлов астаналық кәсiпкер ұлы Илiби Жұмағұловты аяусыз соққыға жығып, денсаулығына қауiп төндiргенi туралы әлеуметтiк желiлерде хабарлама таратқан болатын. Бұл iс қызу талқыға түсiп, қоғам пiкiрi екiге жарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны