15.12.2006, 16:42 2903

Астана - Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды - мемлекет басшысы

АСТАНА. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Астана тәуелсіз Қазақстанның символына айналды, деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында республика тәуелсіздігінің 15-жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

"Елдің жаңа Елордасы- Астана бойын тіктеп, жаңа Қазақстанның символына, мерейлі мақтанышына айналды. Дәл осы жерде, еліміздің жүрегінде мемлекетті дамыту стратегиясы жасалуда",- деді мемлекет басшысы.

"Астана еліміздегі экономикалық өсімге серпін берді. Қалада құрылыс саласына 5 млрд. доллардан астам қаржы жұмсалды",- деді мемлекет басшысы.

"Қазақстанның Елордасы - еліміздің тәуелсіздігінің салтанат құруының нышаны", деп атап өткен президент "барша қазақстандықтар өз елін, өз Астанасын мақтан тұтса", деген тілегін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны