19.11.2015, 19:23 4099

Астана темір жол вокзалында қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты басқосу өтті

Кеше Астана қаласыныӊ темір жол вокзалында Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Вокзал-сервис" АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, қызметтік басқосу өткізді. Онда әуе және темір жол нысандарындағы қауіпсіздік мәселелері сөз болды

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Кеше Астана қаласыныӊ темір жол вокзалында Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Вокзал-сервис" АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, қызметтік басқосу өткізді. Онда әуе және темір жол нысандарындағы қауіпсіздік мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соӊғы кездерде әлемніӊ көптеген елдерін алаӊдатып отырған оқиғалар көлік нысандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпті қатаӊ қадағалауды талап етеді. Бұл мәселе бүгінгі күні елімізде де өзекті мәселеніӊ бірі. Көлік нысандарын заӊсыз әрекеттерден қорғау мәселесі бүгінде басым бағыттардыӊ бірі болып отыр.

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД ел аумағындағы 16 мыӊ шақырымды құрайтын темір жолдарға, сондай-ақ, 303 темір жол вокзалдары мен 18 әуежайға қызмет көрсетеді. Көлік сақшыларына әуе жайлар мен темір жол вокзалдарындағы қауіпсіздікті күшейту талаптары қойылып, осы мақсатта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Иуежайлар мен темір жол вокзалдарында тыныштық пен тәртіпті қатаӊ қадағалау жұмыстары көлік полицейлері мен "Искерилендірілген темір жол қүзеті" қызметкерлерімен және әуежайдағы Иуе қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, Департаменттіӊ кинологиялық орталығыныӊ қызметтік-іздестіру иттерініӊ көмегімен жүргізілуде.

"Бүгінгі күні тексерудіӊ алғашқы жүйелері еліміздіӊ барлық вокзалдары мен әуежайларында орнатылды. Жолаушылардыӊ қол жүктерін тексеру мақсатында вокзалдар мен әуежайлардыӊ кіреберісінде "Рапискан" металл іздеу жүйесі іске қосылған, күдік тудырған заттар мен қол жүктері тексеріліп, тексеру барысында тасымалдауға тыйым салынған заттар кездесетін болса, көлік полициясыныӊ өкілдері шақырылып, тиісті процессуалдық шешімдер дер кезінде қабылданады",- дейді Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасыныӊ басшысы полиция полковнигі Нұрлан Садықов.

Көлік нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мұндай шаралар ұдайы түрде өз жалғасын табады.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны