15.10.2016, 21:14 3526

Астана төрінде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ жайдарманшылары өнер көрсетті

Бүгін Астана қаласындағы "ЖАСТАР" сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Астана қаласындағы "Қуатты өӊір - қуатты Қазақстан" атты Оӊтүстік Қазақстан облысы күндерініӊ аясында жайдарман ойыны өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 15 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласындағы "ЖАСТАР" сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Астана қаласындағы "Қуатты өӊір - қуатты Қазақстан" атты Оӊтүстік Қазақстан облысы күндерініӊ аясында жайдарман ойыны өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жастардыӊ бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялататын, шығармашылық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыратын шарада қонақтар мен көрермендерге Оӊтүстік Қазақстан облысынан келген үздік 8 топ өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.

Аталмыш шараға арнайы шақырылған қонақтар, Қазақстан республикасы Білім және ғылым министірлігініӊ Жастар саясаты департаментініӊ өкілдері және Астана қаласыныӊ тұрғындары мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 1 мыӊға жуық студент жастар және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Айта кетейік, жалпы қазақша КВН-ніӊ арнайы біріншілігі 1999 жылы оӊтүстіктен өз бастауын алған. Ал "Қазақстан КВН одағы" 2005 жылы құрылған болатын.

Оӊтүстік Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығында 800-ге жуық жас бар. Ал облыстағы 12 жоғары және 92 орта арнаулы оқу орындарында 66 513 студент білім алуда.

Қазақша Жайдарман аталған оқу орындарындағы белсенді, талантты жастар Елорда тұрғындарына көтеріӊкі көӊіл күй мен жарасымды әзіл сыйлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны