08.11.2016, 18:03 3700

"Астана" ұлттық сурет галереясында Жеӊіс Молдабековтіӊ "Ұлы Дала сыры" жеке көрмесі ашылады

Көрмеге жас суретші Жеӊіс Молдабековтіӊ қазақ халқыныӊ тұрмыстық және мәдени өмірінен алынған таӊғажайып пейзаждар, натюрморттар мен қазақ аруларыныӊ сұлу бейнелерін суреттеген туындылары қойылады.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - "Астана" ұлттық сурет галереясында Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығына арналған Астана қаласы жас суретшілер Одағыныӊ мүшесі Жеӊіс Молдабековтіӊ "Ұлы Дала сыры" жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Жеӊіс Молдабеков - жас қазақастандық суретші, танымал Түркістан қаласында туған. 2009 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген.

Көрмеге жас суретші Жеӊіс Молдабековтіӊ қазақ халқыныӊ тұрмыстық және мәдени өмірінен алынған таӊғажайып пейзаждар, натюрморттар мен қазақ аруларыныӊ сұлу бейнелерін суреттеген туындылары қойылады.

Суретші жас болғандығына қарамастан, оныӊ шығармашылық туындылары танымал және көпшіліктіӊ көзаймына айналып үлгерді. Жеӊістіӊ еӊбектері философиялық ойларға, нәзік сезімге толы. Қазақ халқыныӊ тарихын білетіндігін, Жібек Жолын бойынан орын алған Отырар мен Түркістан секілді байырғы қалалардыӊ (суретшініӊ туған өлкесі) тарихыныӊ дамығандығын оныӊ туындыларынан байқауға болады. Жеӊіс Молдабековтіӊ әрбір туындыларынан халқымыздыӊ тарихи құндылықтарымен заманауи үрдістердіӊ өзара үндестік тапқандығын көруге болады.

Ол орта мектепте оқып жүрген кезінен-ақ қалалық, аудандық, халықаралық көрмелер мен олимпиадаларға қатысты. Сонымен қатар аймақтық, республикалық (Түркістан, Астана, Шымкент, Қызылорда) көрмелерге қатысқан. Жеӊістіӊ туындылары еліміздіӊ музейлерінде сақтаулы және Қазақстан мен шетелдіӊ жеке коллекцияларыныӊ қатарынан орын алған.

Көрмеден соӊ автор жас суретшілерге шеберлік дәріс өткізеді.

Көрме 2016 жылы 9 қараша күні сағат 16.00 "Астана" ұлттық сурет галереясында өтеді және 2016 жылғы 14 қарашаға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны