04.04.2018, 17:46 7130

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыда православиелік пасханыӊ қалай атап өтілетіні туралы әӊгімелеп берді

Пасха мерекесініӊ шұғылалы күндері біз дүниежүзінде бейбітшілік орнауын және Жаратушыныӊ бақ қонған Қазақстанымызды жарылқауын, осынау көне даланы дау-дамайлар мен ұрыс-керістен, қырғиқабақ бөлінушіліктен қорғауын, түрлі ұлт-ұлыс өкілдерініӊ мұнда бейбітшілік пен келісімде ғұмыр кешуін дұға оқып сұрайтын боламыз

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда Қазақстанныӊ Православиелік шіркеуініӊ басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Пасхаға орай құлшылық еліміздегі барлық шіркеулерде сәуірдіӊ 7-сінен 8-іне қараған түні өтеді.

Қазақстанныӊ Православиелік шіркеуініӊ басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенск кафедралдық соборында пасхалық крест шеруін, мерекелік утреня және Литургия шараларын өткізеді.

Иерусалимдегі Гроб Господня шіркеуінен Киелі оттыӊ Қазақстанға жеткізілуі Пасха мерекесініӊ бірегей оқиғасы болмақ.

Ал 8-сәуірде - Пасха мерекесі күні кешке сағат 17-де Киелі от Алматыдағы Вознесенск кафедралдық соборына жеткізіледі.

"Пасха мерекесініӊ шұғылалы күндері біз дүниежүзінде бейбітшілік орнауын және Жаратушыныӊ бақ қонған Қазақстанымызды жарылқауын, осынау көне даланы дау-дамайлар мен ұрыс-керістен, қырғиқабақ бөлінушіліктен қорғауын, түрлі ұлт-ұлыс өкілдерініӊ мұнда бейбітшілік пен келісімде ғұмыр кешуін дұға оқып сұрайтын боламыз. Шұғылалы Пасха мерекесі қарсаӊында Қазақстанныӊ барлық тұрғындарына Христос қайта тірілген қасиетті күнді шаттықпен қарсы алуды тілеймін. Жаратушы біздіӊ Қазақстан елімізді сақтап, әл-ауқат пен бақытқа бағдар ұстанған жолымызға гүл бітіріп жарылқасын",-деді Астана және Қазақстан митрополиті Александр.

Алматыдағы Вознесенск кафедралдық соборында күрделі қайта жаӊғырту жұмыстары әлі де жалғасып жатқанына қарамастан мерекелік құлшылық шараларыныӊ барлығы онда әдеттегідей өтеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2018 жылғы 24 қаӊтарда өткен Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесуінде талқыланған мәселелердіӊ бірі осы Алматыдағы Вознесенск кафедралдық соборындағы күрделі әрі кәсіби қайта жаӊғырту жұмыстары жайлы болған.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында мәлім болғанындай, 5-сәуірде сағат 17-де Алматыдағы Вознесенск кафедралдық соборына Жаратушы Иисус Христос шеккен азап-тақсыреттерге байланысты евангелиелік қасиетті заттар - Христостыӊ рухтандырушы Крестініӊ бөлшегі, Құтқарушыныӊ Қасірет венеці тікенегініӊ бөлігі, оныӊ хитон және туника секілді киімдерініӊ бөлшектері жеткізіледі. Ниет білдірушілер бұл қасиетті дүниелерге бейсенбі күні кешке (сағат 19-да) құлшылық шарасынан кейін тағзым етіп сәжде қыла алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны