09.10.2018, 14:04 4959

Астанада 13-14 қазан күндері "Market Tech" тақырыбындағы хакатон өтеді

Мұндай байқау түрлері 2000 жылдан бері әлемніӊ барлық елінде өткізіледі.

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Астанада 13-14 қазан күндері "Market Tech" тақырыбындағы хакатон өтеді. Қатысушылар к?сіпкерлік пен сауда саласында инновациялық шешім қабылдау мәселесі бойынша жобалар дайындайды.

Бұл іс-шараныӊ ұйымдастырушылары Астана қалалық әкімдігі мен АҚ "Astana Innovations".

"Кәсіпкерлік- экономиканыӊ өркендеуін қамтамасыз ететін локомотив. Міне, сондықтан да көптеген өзекті мәселелердіӊ шешімін табу мақсатында бірыӊғай тиімді жолды табу өте маӊызды. Жергілікті билік тарапынан кәсіпкерлер үшін барынша жайлы жағдай жасауға олардыӊ өз кәсібін дамытуына әрқашан үлкен күш салынады", -дейді Басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Іс-шара астанадағы стартап-экожүйесі бағыты бойынша Astana Innovations Challenge жобасыныӊ аясында өтеді, сонымен қатар мемлекет пен стартаптыӊ ?рі Қазақстандағы бизнес қауымдастықтыӊ өзара байланысын реттеуге күш салады. Бұл жолғы фестиваль ауқымды Techstars Startup Week Qazaqstan стартап-апталығыныӊ бір бөлігі болмақ.

Сондай-ақ, тағы да бір атап айтарлық нәрсе, бұл іс-шараға Kolesa.kz, Krisha.kz, Мarket.kz, Astana Taxi сынды танымал компаниялар қатысады деп күтілуде.

Хакатон - белгілі бір проблеманы шешу м?селесін программистер бір-біріне хабарлау арқылы шешу жобасын жасаушылардыӊ екі күндік марафоны.

Бұлай жұмыс істеу форматы жаӊа бағдарламаны жедел жасап шығу технологиясы мен инвестициялау м?селесін компаниялар мен инвесторларға тиімді қарастыруға бағытталады.

Мұндай байқау түрлері 2000 жылдан бері әлемніӊ барлық елінде өткізіледі.

48 сағат ішінде жобаға қатысушылар кәсіпкерлік пен саудаға қатысты мәселелерді шешіп, өз жұмыстарыныӊ статистикалық көрсеткіші бойынша межесін анықтайды және білімін арттырады.

Байқау қорытындысы төмендегі мүмкіндіктерге қол жеткізетін үш жеӊімпазды іріктейді:

o Грантқа тапсырыс беруді рәсімдеуге қолдау;

o Жобаны қаржыландыруға қолдау;

o Тегін бағалау, "жинақтауға" тегін дайындық жасауға және инвестиция тарту үшін краудфандингтік платформада кеӊес алу мүмкіндіктеріне қол жеткізу.

Толық мәлімет алу үшін http://astanaic.kz/ сайтына тіркелуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны