17.09.2007, 17:15 2626

Астанада 18-19 қыркүйекте Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы өтеді

Астанада 18-19 қыркүйекте Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы өтеді.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Астанада 18-19 қыркүйек аралығында "Бейбітшілік және келісім сарайында" ҚР парламенті сенатының төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі.

СІМ өкілінің хабарлауынша, аталған іс-шараға 26 әлемдік діни ұйымдардан 40-шақты дінбасылардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Отырыс барысында қатысушылар Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің тақырыбы және күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды талқылап; Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің қорытынды құжаттарын анықтау және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру жайын қарастырып; съез хатшылығының VII отырысын өткізетін орын мен уақытын анықтайды; Сондай-ақ, онда Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысының хаттамасы қабылданады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны