23.10.2009, 12:20 1801

Астанада 1 қарашадан бастап электр қуатына дифференциалды тарифтер енгізіледі

Астанада 1 қарашадан бастап электр қуатына дифференциалды тарифтер енгізіледі

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - "Астанаэнергосбыт" ЖШС 2009 жылдың 1 қарашасынан бастап электр қуатының құны ҚҚС қоспағанда 6,95 теңгеге дейін қымбаттайды (ҚҚС қосқанда 7,78 теңге) деп мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен осы хабарландыру қарастырылып, электр энергиясына 1 кВт/с босату тарифін 6,90 теңге ҚҚС-сыз (7,73 теңге ҚҚС-мен) мөлшерінде келісілді. Осыған орай, босату тарифіне сәйкес, электр энергияға: жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне және тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер 2009 жылғы 1 қарашадан бастап келісілді:

Жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергияға сараланған тарифтері:
1. Электр плиталарын пайданалатын жеке тұлғаларға (тұтыну көлемі - 90 кВт/с):
Ең төменгі тариф - 1 кВт/с үшін, 6,21 теңге ҚҚС-сыз (6,96 теңге ҚҚС-мен);
Ең жоғарғы тариф - 1 кВт/с үшін, 8,28 теңге ҚҚС-сыз (9,27 теңге ҚҚС-мен) 1 кВт/с;

2. Электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғаларға (тұтыну көлемі - 70 кВт/с):
Ең төмендегі тариф - 1 кВт/с үшін, 6,48 теңге ҚҚС-сыз (7,26 теңге ҚҚС-мен);
Ең жоғарғы тариф - 1 кВт/с үшін, 8,28 теңге ҚҚС-сыз (9,27 теңге ҚҚС-мен);

Тәулік зоналарына бойынша сараланған тарифтері:
1) 2 - зоналық жүйесі бойынша:
Түнгі зоналық жүйесінде - 1 кВт/с үшін, 1,91 теңге ҚҚС-сыз (2,14 теңге ҚҚС-мен);
Күндізгі зоналық жүйесінде - 1 кВт/с үшін, 8,28 теңге ҚҚС-сыз (9,27 теңге ҚҚС-мен);

2) 3 - зоналық жүйесі бойынша:
Түнгі зоналық жүйесінде - 1 кВт/с үшін, 1,91 теңге ҚҚС-сыз (2,14 теңге ҚҚС-мен);
Күндізгі зоналық жүйесінде - 1 кВт/с үшін, 6,90 теңге ҚҚС-сыз (7,73 теңге ҚҚС-мен);
Кешкі зоналық жүйесінде - 1 кВт/с үшін, 14,25 теңге ҚҚС-сыз (15,96 теңге ҚҚС-мен).


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны