31.08.2016, 18:56 6966

Астанада 1 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы басталады

Тиісті ақпараттық жұмыстар жыл сайын қыркүйек айында өткізіледі.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - 1 қыркүйекте елордада өрт қауіпсіздігі айлығы басталады. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментініӊ қызметкерлері аулаларды аралап, тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерімен ақпараттандырады.

Жылыту пештерін қолдану ережелері арнайы көліктерде орнатылған дыбыс ұлғайтқыштары арқылы насихатталады, деп хабарлады қала әкімдігініӊ ресми сайты.

Тиісті ақпараттық жұмыстар жыл сайын қыркүйек айында өткізіледі. Тұрғын үйлерде орын алатын барлық өрттердіӊ басым бөлігі жылыту маусымымен тұспа-тұс келеді. Бұл азаматтардыӊ аталмыш мәселеге бей-жай, салғырт қарауынан орын алады.

Астана қаласыныӊ ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін білу өзіӊізді және жақындарыӊызды тілсіз жаудыӊ құрсауынан сақтауға мүмкіндік беретінін еске салады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны