09.09.2009, 16:35 3111

Астанада "2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының" таныстырылымы өтті

Астанада "2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының" таныстырылымы өтті

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада бүгін "2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының" таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Таныстырылымға қатысқан ҚР мемлекеттік хатшысы- ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев: "Бүгін біз Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде тұңғыш рет дайындалып, қабылданған Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының тұсаукесер рәсіміне жиналып отырмыз. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылады деген Ата заңымыздың басты қағидатын басшылыққа алып, құқықтық мемлекет құрып, қоғамымызда саяси татулықты, азаматтық келісімді орнықтырып келеміз",-деді.

Мемлекеттік саясатта адам құқықтарына тұрақты түрде ерекше көңіл бөлініп отырғандығына тоқталған министр "бүгін өздеріңіздің назарларыңызға ұсынылып отырған, яғни Елбасы 2009 жылғы мамырдың 5-інде мақұлдаған, адам құқықтарына қатысты ұлттық жоспар - соның бірі",- деді.

Ұсынылып отырған ұлттық жоспар адам құқықтары жөніндегі заңнаманы,адам құқығын қорғаудың жүйесін, сондай-ақ халықтың өз құқықтары тұрғысында қорғану тетігі бойынша нақты қадамдарды қарастыратын топтастырылған бағдарлама болып табылады. Жоспардың тұжырымдамалық бөлімінде адамның азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқығына қатысты мәселесі талданған.

Таныстырылымға ҚР президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрғасы Сағынбек Тұрсынов, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі Хаолянь Шу, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен шет елдің елшілері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны