18.04.2012, 11:32 3760

Астанада 2011-2012 ж. жылыту маусымы қорытындыланды

Өткен жылу беру маусымында Елорданы жарық және жылумен қамтамасыз ету үшін 1948 мың тонна көмір, 27996 тонна мазут жұмсалған. Энергокөздерден сағатына 1197 млн. кВт электр энергиясы және 4 млн.154 мың гига калорий жылу энергиясы жіберілген.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Астанада 2011-2012 ж. жылыту маусымы қорытындыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен жылу беру маусымында Елорданы жарық және жылумен қамтамасыз ету үшін 1948 мың тонна көмір, 27996 тонна мазут жұмсалған. Энергокөздерден сағатына 1197 млн. кВт электр энергиясы және 4 млн.154 мың гига калорий жылу энергиясы жіберілген.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға жоғары. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен өткен 2011-2012 жылғы жылу беру маусымын қортындылаған кеңесте айтылды. Сондай-ақ онда жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу жөніндегі қалалық штабтың жетекшісі, қала әкімінің орынбасары Василий Крыловтың есебі тыңдалды. Штабтың мәліметінше, биылғы маусымдағы жылу жүктемесінің көлемі 136,6 гига калориды құраған. Қаланы газбен қамту мәселесі де штабтың бақылауында. Өткен жылу беру маусымында 3358 тонна сұйытылған көмірсутегі газы толтырылған. Бұл дегеніңіз 1215 көппәтерлі тұрғын үйді газбен қамтамасыз етуге жетеді деген сөз. Сонымен қатар өткен маусымда "051 қызметіне" пәтерде жылу болмау салдарынан 719 өтініш пен шағымдар келіп түскен. Бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері 2012-2013 жж жылу беру маусымына дайындық бағдарламасын бекітіп, жұмысты бастапта кетіпті.

"Біздің Тұрғын үй инспекциясы ол коммуналдық шаруашылық жұмыстарды бақылауға алады. Қазір міне жаңа программа агентства ЖТКА соны түгелімен біздер басқарамыз, бақылаймыз. Бірге жұмыс істейміз кескалармен. Біздің жұмысымыз - үйлерде жылу, су болуы тиіс. Тексереміз, нұсқама береміз, олар барлығын дұрыстап істеуі керек. Істемесе, әкімшілік шара қолданып, қалайда істеткіземіз",- дер мәлім етті Тұрғын үй инспекциясы басқарма бастығы Талғат Рысбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны