25.12.2007, 17:33 3127

Астанада 2011 жылға дейін 150 астам жаңа әлеуметтік сала нысандары салынады - Астана әкімі

Астанада 2011 жылға дейін 150 астам жаңа әлеуметтік сала нысандары салынады - Астана әкімі

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 2011 жылға дейін 150 астам жаңа әлеуметтік сала нысандары салынады. Бұл туралы қала әкімі Асқар Мамин қалалық мәслихаттың сессиясында сөйлеген сөзінде хабарлады.

"Атап айтсақ, алдағы 3 жылда Астанада 60 балабақша, 31 жалпы білім беретін мектеп, 3 кәсіптік-техникалық мектеп салу жоспарланған", -деді әкім.

2008-2010 жылдарда бұған қоса Елордасында 40 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде республикалық диагностикалық орталық, жедел жәрдем ҒЗИ, нейрохирургия ғылыми орталығы, кардиохирургиялық орталық пен 3 амбулаториялық-емхана кешені салынады.

"Келесі жылы Астанада жаңа киноконцерт залы, жаңа Конгресс-Холл, велотрек, теннис корты мен 30 мың көрерменге есептелген жабық стадион ашылады", - деді әкім.

Ағымдағы жылы Астанада 5 жалпы білім беретін мектеп, 3 балабақша, 4 ірі амбулаториялық-емхана кешені, Ана мен бала орталығы, балалардың реабилитациялық орталығы, сондай-ақ, бірнеше мәдени нысан, соның ішінде Ақмол ауылында саяси нәубет және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешені, "Астана жұлдызы" монументі, "Халықтар Достығы" монументі мен Бөгенбай батыр ескерткіші ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны