25.12.2007, 17:35 2958

Астанада 2012 жылға дейін 600 мың шаршы метрге жуық ескі үй бұзылады

Астанада 2012 жылға дейін 600 мың шаршы метрге жуық ескі үй бұзылады

Астана. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының бұрынғы бөлігін реконструкциялау жөніндегі аймақтық бағдарламасына сәйкес 2012 жылға дейін Елордада 593 мың шаршы метр ескі үй бұзылып, салынатын инвестицияның жалпы көлемі 450,7 млрд теңгені құрайтын 3 млн 160 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында сөз сөйлеген Астана әкімі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сондай-ақ оның ақпараттарына сүйенсек, Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламысын жүзеге асыру аясында тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жылдық жоспары орындалған, Ильинка аулындағы коттедж қалашығының құрылысына қатысты пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

"Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сәйкес, медициналық және ғылыми-білім беру кластерлерінің дамуын ескере отырып, әлеуметтік-мәдени және бюджеттік саладағы жұмысшылардың отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету үшін үстіміздегі жылдың қараша айында біз 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жаңа кезеңін жүзеге асыруға кірістік. Бағдарлама бойынша барлығы 954,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда",- деп түйіндеді Асқар Мамин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны