19.07.2013, 11:10 11464

Астанада 2013 жылдың I жартыжылдығына жедел ауруханаға жатқызу деңгейі 17%-ға төмендеген

Астана қаласындағы жедел ауруханаға жатқызу деңгейі 2013 жылдың 6 айының қортындысы бойынша өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 17,6%-ға төмендеді, деп хабарлады Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының баспасөз қызметі.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Астанада 2013 жылдың I жартыжылдығына жедел ауруханаға жатқызу деңгейі 17%-ға төмендеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана қаласындағы жедел ауруханаға жатқызу деңгейі 2013 жылдың 6 айының қортындысы бойынша өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 17,6%-ға төмендеді, деп хабарлады Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының баспасөз қызметі.

"Елордада жоспарланған ауруханаға жатқызу деңгейі 2013 жылдың 6 айының қортындысы бойынша өткен жылдың сәйкес мерзімі бойынша 17,6%-ға артты. Сонымен қатар, ұсынылған мәліметтерге сәйкес жедел ауруханаға жатқызу деңгейі озы кезеңде керісінше 17,6%-ға төмендеген", - делінген орталық мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, Астана қаласындағы халықтың госпитальдік науқастануы құрылымында бірінші орында "Жүктілік, босану және туғаннан кейінгі кезең" тұр - 19877 оқиға, бұл ауруханаға жатқызудың барлық жағдайларының 31% құрайды.

Одан кейін "Қан айналымы жүйесі аурулары" - 9867 оқиға - 15,4%, үшінші орында - "Несеп-жыныстық жүйе органдары аурулары" - 4768 науқас - 7,4%.

Бұдан өзге, ас қорту органдары аурулары, жарақат алу және улану, тыныс алу органдары аурулары, өскін және жүйке жүйесі аурулары сияқты аурулармен ауруханаға жиі түсіп жатады.

Өз кезегінде, балалар арасында кең тараған аурулар - тыныс алу органдары аурулары, туа біткен ауытқу (даму кемтарлығы), жүйке жүйесі аурулары, босанған кезде пайда болатын басқа да жағдайлар, жарақат алу және улану.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны