30.11.2016, 13:56 6740

Астанада 2016 жылы 46 балабақша ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығында Астанада 46 балабақша іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығында Астанада 46 балабақша іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Ильинка тұрғын алабында 240 орынға есептелген №92 "Жауқазын" -балабақшасыныӊ құрылысы аяқталды. Жалпы ауданы- 5 мыӊ шаршы метрге жуық.Екі қабатты ғимарат мемлекеттік тілде білім алатын 12 топқа есептелген. Балаларды қабылдау 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарында басталады.

Елордада мектепке дейінгі мекемелердіӊ жетіспеушілігі проблемасы жаӊа балабақшаларды пайдалануға беру, соныӊ ішінде МЖС арқылы шешіледі. Үстіміздегі жылы 46 балабақша ашылды. Соныӊ ішінде - 8859 орынға есептелген 44 жеке меншік (онда мемлекеттік тапсырыс енгізілген) ж?не бюджет есебінен 440 орындық 2 балабақша ашылды.

Бұған қоса, МЖС аясында 2480 орындық 10 балабақшаныӊ құрылысы басталды. Ал "Бизнестіӊ жол картасы" бағдарламасы шеӊберінде балабақша ашу бойынша 31 жобаға қолдау көрсетілді, соныӊ ішінде бесеуі биыл салынды.

2017 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында 480 орындық 2 балабақша ашылмақ.

Осылайша, 2016-2017 жылдары Астанада 53 балабақша ашылады.

Анықтама:

Қазіргі кезде Астанада түрлі типтегі 261мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде, оған 48 -мыӊ 154 бала барады.

Соныӊ ішінде 95 мемлекеттік, 2 ведомстволық, 116 жеке меншік, 48 шағын орталық. Астанадағы 0-ден 6 жасқа дейінгі балалар саны - 87 947. 3-тен 6 жасқа дейінгі 25 550 -бала кезекте тұр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны