21.02.2013, 13:01 3128

Астанада 2017 жылға дейін 13 маңызды архитектуралық нысан пайда болады

Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде Астанада бірқатар маңызды архитектуралық нысан пайда болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті.

"2017 жылы қаламызда ЭКСПО өткізуге дейін жоспарланған жұмыстармен таныстырып өткім келеді. Сол уақытқа дейін Астана архитектуралық пішінге ие болып, мынадай маңызды архитектуралық нысандармен толықтырылады: Опера және балет театры, Бірінші Президент Кітапханасы мен Қоры, Ұлттық музей, Ғарыштық зерттеулер орталығы, Ұлттық қорғаныс университеті, Жабық қала, көп функциялы "Абу-Даби плаза" кешені, "Хилтон", "Мэриот", "Ритц-Карлтон" және "Фор Сизонс" қонақ үйлері, 5 мың орынға арналған Жекпе-жек сарайы, 10 мың орынға арналған Мұз сарайы", - деді И.Тасмағамбетов.

Оған қоса, қазір елордада Бейбітшілік пен келісім сарайынан төрт шақырым қашықтықта "Мыңжылдық аллеясында" орналасатын жаңа темір жол вокзалын салу басталған.

Және де 2017 жылға дейін "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы шеңберінде шамамен 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі, деп хабарлады қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, тұрғын үй қорын ұлғайтудан бөлек, әлеуметтік объектілер желісі кеңейтіледі. 2017 жылға дейін қалада 50 балабақша салу жоспарланған, бұл 12 000 мектепке дейінгі орын мен 30 мектепке 36 000 оқушы орнының жетіспеушілігін қысқартады.

Оған қоса, денсаулық сақтаудың 15 нысаны пайдалануға беріледі, оның ішінде 750 рет баруға арналған 5 алғашқы медициналық көмек орталығы, ауысымына 1000 баруға арналған 3 амбулаторлық емхана кешені және 1000 төсек/орынға арналған 4 стационар.

Және де, 2017 жылға дейін қаламызда 12 ірі кәсіпорын пайда болады, олардың ішінде фармфабрика, аффинаж зауыты және жедел тамақтану өнімдері комбинаты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны