18.03.2013, 12:38 3415

Астанада 22 наурыз көлік қозғалысында өзгерістер болады

"Тиісті аумақта тұрақтардың жеткіліксіздігін ескере отырып, автокөліктердің жиналып қалуын болдырмау үшін біз жеке автокөлік емес, қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз", - деді Аймағамбетов.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Астана қаласында наурыз мейрамында бірқатар жол магистральдерінің қозғалыс сызбасында өзгерістер болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының ІІД жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Қали Аймағамбетов мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл шаралар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

"22 наурыз күні "Қазақ елі" монументі алаңында халық көп жиналады деп күтілуде. ЖПБ инспекторлары қозғалысты қауіпсіз әрі кептеліс жағдайлары туындамайтындай етіп ұйымдастыруы қажет болады. 22 наурыз күні таңғы сағат сегізден бастап іс-шаралар аяқталғанға дейін автокөлік қозғалысы мына көшелер бойынша толығымен жабық болады: Тәуелсіздік даңғылы - Р.Қошқарбаев (Сарайшық көшесі) көшесінен бастап Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі - Б. Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін; Сарайшық көшесі - М1-ден Обаған көшесіне дейін; Сығанақ көшесі - М3-тен Обаған көшесіне дейін", - деді Қ. Аймағамбетов.

Мейрам күні елорда тұрғындары мен қонақтары уақытша Орынбор көшесіндегі айналма жолды пайдалануы қажет.

"Тиісті аумақта тұрақтардың жеткіліксіздігін ескере отырып, автокөліктердің жиналып қалуын болдырмау үшін біз жеке автокөлік емес, қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз", - деді Аймағамбетов.

Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Астанада жол қауіпсіздігін 450 инспектор қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны