22.11.2012, 16:51 2767

Астанада 23-24 қараша күндері VI Қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумы өтеді

Шараны "Қазагромаркетинг" АҚ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ҚазАгро" Ұлттық холдингі мен "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Бұл туралы "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 22-қараша. Kazakhstan Today - Астанада 23-24 қараша күндері VI Қазақстандық "KAZGRAIN-2012" астық форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шараны "Қазагромаркетинг" АҚ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "ҚазАгро" Ұлттық холдингі мен "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Бұл туралы "Қазагромаркетинг" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміз астықты экспорттаушы мемлекет ретінде мойындалған. Сондықтан игі дәстүрге айналған Қазақстандық "KAZGRAIN" астық форумы астық нарығының қатысушылары үшін негізгі шара ретінде саналып отыр. Астықтың әлемдік өндірісі төмендеп, оның бағасы көтерілгендіктен, сұхбат алаңында саланың проблемалары мен болашағын талқылауға қызығушылық артып отыр. Биылғы жылы астық форумы екінші мәрте өткізіліп жатқаны соның бір айғағы екені даусыз.

Маңызды басқосуға 250-ге жуық мейман қатысады деп күтілуде. Оның ішінде дәнді дақылдарды өсіруге әрі экспорттауға мамандырылған отандық және шетелдік кәсіпорындардың, салалық мемлекеттік ведомстволардың, даму институттары мен сақтандыру компанияларының өкілдері, астық саласындағы жергілікті әрі шетелдік сарапшылар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бар.

Қазақстандық астық нарығының трендттері, әлемдік күшті үйлестіру және Қара теңізге қарасты мемлекеттердің көзқарасы, көптеген әлемдік мемлекеттердегі қолайсыз табиғи жағдайлардың салдары, дәнді дақылдардың өндірісі мен сауда-саттығындағы тәуекелдер, сұраныстың артуына байланысты тауар өндірушілер мен трейдерлердің бағаға қатысты болжамдары, еліміздегі астықтың сапасы төңірегіндегі мәселелер, темір жол тасымалындағы түйіткілдер, оның ішінде астық тасымалдау вагондарымен қамту іспетті көкейкесті тақырыптар талқыға салынады. Сонымен қатар өзге де келелі мәселелер жиын барысында назардан тыс қалмақ емес.

Форумның баяндамашылары мен модераторлары арасында отандық әрі халықаралық астық саласындағы белгілі тұлғалар мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар бар. Еліміздегі аграрлық ведомствоның басшысы Асылжан Мамытбеков, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқармасының төрағасы Дулат Айтжанов, БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының сарапшысы Филипп Пакотте, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы - ФАО өкілі Гүлжаһан Құрбанова, "УкрАгроКонсалт" бас директоры Сергей Феофилов, IDK.ru электрондық сауда алаңын дамыту бойынша директоры Юрий Белоусов, "АӨК Қазақстандық іскерлік кеңесі" үкіметтік емес ұйымы төрағасы Арман Евниев және т.б.

Форум әлемдік нарықта отандық астыққа деген сұранысты арттыру, экспорттаушылар мен импорттаушылар арасында ынтымақтастық көпірін орнату мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны