14.10.2015, 19:33 3899

Астанада 23 жастағы бойжеткен пәтерлес көршісін өлтірген

Елорданыӊ ішкі істер департаментінде Астанадағы ЖОО-ныӊ бірініӊ студенті, ОҚО тұрғыны болған 21 жастағы бойжеткенніӊ өлімі фактісі бойынша сот алдындағы тергеу жүргізілуде

Астана. 14 Қазан. Kazakhstan Today - Елорданыӊ ішкі істер департаментінде Астанадағы ЖОО-ныӊ бірініӊ студенті, ОҚО тұрғыны болған 21 жастағы бойжеткенніӊ өлімі фактісі бойынша сот алдындағы тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аса ауыр қылмысты жасау күдігімен Шығыс Қазақстан облысыныӊ тұрғыны, 23 жастағы бойжеткен ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті бойжеткен қамауға алынды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ұсталған бойжеткен жәбірленушімен бірге бір пәтерде тұрғаны анықталды. Олардыӊ арасында туындаған ұрыс кезінде күдікті бойжеткенге пышақ жарақаттарын салды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны