26.06.2015, 10:51 3567

Астанада 24 адам зардап шеккен жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі бір жылға бас бостандығынан айырылды

Астанада бағдарлы автобустыӊ 24 жолаушысы зардап шеккен жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі бір жыл бас бостандығын айыру жазасын алды

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - Астанада бағдарлы автобустыӊ 24 жолаушысы зардап шеккен жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі бір жыл бас бостандығын айыру жазасын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жол апаты өткен жылдыӊ қараша айында қаланыӊ Қабанбай батыр даӊғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшесініӊ қиылысында орын алған болатын, деп хабарлайды қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Есіл аудандық сотыныӊ Мевлюд оғлы Расим Нуриевичті ҚР ҚК-ніӊ 345 бабыныӊ 2 бөлімімен (абайсызда адам өміріне ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көліктік құралдарды пайдаланушы тұлғалардыӊ көліктік құралдарды пайдалану ережелерін бұзу) айыпты деп таныған қаулысы заӊды күшіне еніп, оған 1 (бір) жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді", - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, 2014 жылдыӊ 22 қарашасында сағат 17-ніӊ кезінде "КамАЗ жүк көлігін басқарған Мевлюд оғлы Р.Н. Қабанбай батыр даӊғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесініӊ қиылысында бағдаршамныӊ тыйым салатын белгісіне шығып, бағдарлық автобуспен соқтығысқан.

Соныӊ салдарынан автобустыӊ 24 жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны