23.10.2007, 13:32 2958

Астанада 24 қазанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ашылады

Астанада 24 қазанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ашылады.

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 24 қазанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ашылады, ол желтоқсанның аяғына дейін созылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апта сайын өткізілетін жәрмеңке-сауда Астанадағы "Шапағат" атты коммуналдық базардың аумағында ашылып, әрбір жексенбі сайын жұмыс істейді. Жәрмеңкенің салтанатты ашылуына Астана және Ақмола облысының әкімдері қатысады.

"Белгіленген кестеге сәйкес, ертең Ақмола облысының Целиноград аудандық 30 шақты тауар өндірушілері өз өнімдерін астаналықтарға ұсынады. Бұдан кейін эстафета Ақмола облысының Ерейментау, Астрахань , Аршалы, Егіндікөл, Ақкөл, Шортанды, Бұланды аудандарының қолына өтеді", -деп нақтылайды баспасөз қызметі.

"Астанадағы коммуналдық меншік қоры" МКК директоры Василий Петрущактың айтуынша, жәрмеңкенің басты мақсаты - астаналықтарға өнімдерді делдалдар қосқан үстеме бағасыз сатып алуға жәрдемдесу. Бұл әрине, олардың бағасының біршама арзандауына септігін тигізетіні анық. Сонымен бірге жәрмеңке-сауда бағаны тұрақтандыруға және Астана базарларын қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны