24.07.2015, 16:57 3277

Астанада 26 шілдеде "BUS LANE" бөлек жолақтарыныӊ бірінші кезеӊі іске қосылады

Бүгінгі таӊда Астана қалалық Икімшілік полиция басқармасы, "Астана ЛРТ" ЖШС мен "СМЭУ Алматы-Астана" ЖШС мердігерлік компаниясы бірігіп "ҚР Жол қозғалысы ережелері" талаптарына сәйкес жол сызықтарын салу, жол белгілерін, ақпараттық паннолар орнату жұмыстарын бастады.

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Астанада 2015 жылдыӊ 26 шілдесінде "BUS LANE" бөлек белгіленген жолақтардыӊ бірінші кезеӊі іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда Астана қалалық Икімшілік полиция басқармасы, "Астана ЛРТ" ЖШС мен "СМЭУ Алматы-Астана" ЖШС мердігерлік компаниясы бірігіп "ҚР Жол қозғалысы ережелері" талаптарына сәйкес жол сызықтарын салу, жол белгілерін, ақпараттық паннолар орнату жұмыстарын бастады.

Бірінші кезеӊ келесі көше бөліктерінде жүргізілуде: Бауыржан Момышұлы даӊғылыныӊ Абылай хан даӊғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі бөлігі, Бөгенбай батыр даӊғылыныӊ Уәлиханов көшесінен Сарыарқа көшесіне дейінгі бөлігі.

Астана қалалық ІІД ИПБ бастығыныӊ орынбасары, полиция подполковнигі Елжан Шүпековтыӊ айтуынша аталмыш жолақта автобустарды жарыса айналып өту қарастырылмайды. Қалалық қоғамдық көліктіӊ жүруіне арналған белгіленген жолақ жүргізушілердіӊ тәртібін жақсартып, интервалды 30% қысқартып, автобус қозғалысы кестесін ұстануға мүмкіндік береді.

"Астана LRT" ЖШС-ніӊ көлік бойынша директоры Рустам Халилевтіӊ айтуынша, бұл жаӊалық жол қауіпсіздігін арттырып, жолаушыларға жайлылық сыйлап, жол-көлік апаттарыныӊ санын азайтуға мүмкіндік береді.

Бөлек жолақпен және жалпы жолақпен жүретін автобус жүргізушілерініӊ тәртібін әкімшілік полиция қызметкерлері және Астана қалалық ІІД ЖБО қызметкерлері бейнабақылау камералары арқылы бақылайды. Шілде мен тамыздыӊ алғашқы онкүндігінде әкімшілік полиция қызметкерлері аталмыш жол бөліктерінде ҚР ЖҚЕ бұзу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны