08.09.2016, 21:23 3713

Астанада 2 мыӊ адам жұмысқа орналасты

Биыл "Астана жастары" ресурстық орталығы 2500 адамды қамтыған 8 шара өткізді, деп хабарлады қала әкімдігініӊ ресми сайты.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елордада жастар арасында жұмыссыздықты төмендету, жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Биыл "Астана жастары" ресурстық орталығы 2500 адамды қамтыған 8 шара өткізді, деп хабарлады қала әкімдігініӊ ресми сайты.

Орталық қызметініӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі жұмысқа орналасу кезінде ішкі тосқауылдарды еӊсеру, коммуникация машықтарын алу және сұхбаттарда өзін-өзі таныстыру бойынша тренингтер өткізу болып табылады. Тренингтер 2015 жылдан бері ай сайын ұйымдастырылып келеді, жалпы, 450 адам оқытылды.

Үстіміздегі жылы профильді бос орындар жәрмеӊкелерін өткізу туралы шешім қабылданды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен техникалық профильдегі алғашқы жәрмеӊкеде 18 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында гуманитарлық бағыттағы бос орындар жәрмеӊкесі ұйымдастырылды. Шара қорытындысы бойынша 15 елордалық жұмыспен қамтылды. Жақында сауда-экономикалық профильдегі бос орындар жәрмеӊкесі өтті. Мұндай шараларды жыл соӊына дейін өткізу жоспарланған.

Қазіргі кезде "Астана жастарында" тіркелген жұмыс іздеушілер саны 385 адамды құрайды, 71 адам жұмысқа орналастырылды.

Айта кетейік, орталықта құқықтық көмек те көрсетіледі. Жыл басынан бері 90 адамға консультация берілді, соныӊ ішінде 50% студенттер, 15% оқушылар, сондай-ақ, 35% жеке тұлғалар. Негізінен, адамдар еӊбек қатынастары, отбасылық және азаматтық құқық, сондай-ақ тұрғын үй алу бағдарламаларына қатысты мәселелер бойынша жүгінеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны