21.04.2016, 13:11 3830

Астанада 8 мыӊ доллар пара алған әділет департаменті басшысыныӊ міндетін атқарушы тұтқындалды

Астана қаласы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросыныӊ департаменті қаланыӊ әділет департаменті басшысыныӊ міндетін атқарушы А.Рақышевті пара алғаны үшін тұтқындады

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Астана қаласы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросыныӊ департаменті қаланыӊ әділет департаменті басшысыныӊ міндетін атқарушы А.Рақышевті пара алғаны үшін тұтқындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Департамент бөлімініӊ жетекшісі М.Құсайыновпен және қалалық нотариалдық палата төрағасы Ж.Арыстановпен қылмыстық келісімге келген А.Рақышев нотариалдық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін жеке тұлғадан 8 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған", - деп хабарлайды ҚР Жемқорлықпен күрес департаментініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазіргі таӊда А.Рақышев Астана қаласыныӊ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны