14.04.2016, 18:56 3727

Астанада 9 жасар бала төрт тағандап тұрудан жаӊа әлемдік рекорд орнатты

Өз рекордын Имір Махмет 23 сәуірде Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қолдау көрсету үшін орнатты

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада 9 жасар Имір Махмет "төрт тағандап тұрудан" балалар арасында әлемдік және Қазақстан бойынша абсолюттік рекорд орнатты. Ол екбеттеген қалпы шынтағына сүйеніп 1 сағат 2 секунд тұрған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өз рекордын Имір Махмет 23 сәуірде Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қолдау көрсету үшін орнатты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардыӊ сөзіне қарағанда, әдеттегі адам бұлай шамамен екі минут, ал спортшы бес минутқа жуық тұра алады.

Имір Махмет - ҚАЭА (КИнЭС) - Қазақстандық рекордтар кітабыныӊ үш дүркін рекордшысы, әрі бокспен шұғылданады.

Ол 2015 жылы жазда кеудесін жерден 450 рет көтеріп, бірінші рекордын орнатты.

Екіншісін Ақмола облысындағы Street Workout бойынша чемпионатта 30 секунд ішінде 50 рет кеудесін жерден көтеру арқылы орнатты.

Үшінші рет Имір 2015 жылы қыркүйекте Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын тойлау аясында 550 рет кеудесін жерден көтеріп, рекордшы атанды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны