13.06.2014, 18:36 2480

Астанада әйгілі LaScala театры өнер көрсетеді

Алғаш рет Қазақстанда "Астана Опера" өнер ордасының киелі сахнасында әлемге әйгілі La Scala итальян театры өнер көрсетеді.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Алғаш рет Қазақстанда "Астана Опера" өнер ордасының киелі сахнасында әлемге әйгілі La Scala итальян театры өнер көрсетеді.

Аты шулы миландық театр Рудольф Нуриевтің редакциялауымен Людвиг Минкустың "Дон Кихот" балет спектаклін сахналайды, деп Астана күнін тойлауды ұйымдастыратын медиа-штаб хабарлады.

Испан ұлттық нақышында берілетін картиналар сахналанатын әсерлі декорацияны Рафаель дель Савио, костюмдерді Анна Анни дайындады. Спектакльдің аранжировкасы мен бейімделуіне Джон Ланчбери еңбектенді. Атышулы итальян әртістері "Астана Опера" симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен билейтін болады.

Отандастарымыз итальян шеберлері сомдаған мұңлы сері Дох Кихоттың бейнесін астана сахнасынан 2014 жылы 30 маусым мен 4 шілде аралығы тамашалай алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны