05.04.2016, 14:10 3998

Астанада ақылы тұрақтардыӊ пилоттық жобасы іске қосылды

Бүгін елордада вокзал аумағындағы алаӊда "Астана қаласында тұрақ кеӊістігін басқару" жобасы тестілік режимде жұмыс істей бастады

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін елордада вокзал аумағындағы алаӊда "Астана қаласында тұрақ кеӊістігін басқару" жобасы тестілік режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Вокзал аумағында көлік қозғалысын ұйымдастыруды өзгертудіӊ мақсаты кез келген көлік түрлерінен жолаушыларды отырғызуға және түсіруге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ, вокзал маӊында көлік жүйесін және көлік ағынын тәртіпке келтіру болып табылады. Мамандардыӊ алдын ала бағалауы бойынша, жоба жолаушыларды заӊсыз тасымалдау қызметін 70-80% азайтуға, көлік құралдарыныӊ айналымын 30-40% ұлғайтуға, вокзал маӊы аумағында жол желісіне түсетін салмақты 20-30% азайтуға, сондай-ақ, тұрақ орындарыныӊ жүктемесін 40-50% төмендетуге ықпал етеді, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгінгі таӊда аталған аумақта көлік құралдарыныӊ қозғалысы мен уақытын есепке алатын автоматтандырылған жүйе (бейнетіркеу жүйесімен), сондай-ақ, номер белгілерін автоматты түрде тану жүйесі орнатылып, іске қосылды. Қазіргі кезде көлікті тұрақта 2 күннен артық уақытқа қалдыруға болмайды.

Тестілік режимде қондырғыныӊ жұмысын тексеру және оныӊ кемшіліктерін анықтау жүзеге асырылады. Осы кезеӊде вокзал маӊы аумағына кірген көліктерден төлем алынбайды. Вокзал маӊындағы тұрақтыӊ көлік сыйымдылығы - 251 бірлікті құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде осы учаскеде күн сайынғы жолаушылар айналымы 7500 адамды құрайды. Тәулігіне пойыздыӊ 30 құрамы келеді. Сонымен қатар, қала маӊына 18 маршрут қатынайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны