12.12.2012, 10:19 3470

Астанада ақысыз донорлықты дамыту мәселесі талқылануда

Астанада "Қазақстан Республикасының қан қызметін дамытудың қазіргі заманғы аспектілері" республикалық конференциясы өтіп жатыр. Жиынды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығы, "Өмір тамшысы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада ақысыз донорлықты дамыту мәселесі талқылануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада "Қазақстан Республикасының қан қызметін дамытудың қазіргі заманғы аспектілері" республикалық конференциясы өтіп жатыр. Жиынды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығы, "Өмір тамшысы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Конференцияға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ТМД елдерінің қан қызметі өкілдері, республикадағы қан орталықтарының мамандары мен клиникалық трансфузиологтар шақырылған. Олар трансфузиялық терапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, ерікті өтеусіз донорлықты дамыту, сүйек кемігі донорларының регистрін жасаудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқыламақ.

"Қазақстанда өңірлерде 1000 адамға шаққанда 1 донор, ал Астанада 1 53 донордан келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша, 1000 адамға шаққанда донорлардың саны 50-60 адам болу керек. Яғни, тек Астанада ғана бұл көрсеткіш ұйымның талабына сай келеді. Ал өңірлерде әлі жеткіліксіз", - деді ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығының директоры Жандос Бүркітбаев.

Астана қаласында қан дайындау көлемінің жыл сайынғы өсімі шамамен 10% құрайды. Бұл үрдіс елордада жаңа медициналық мекемелердің ашылып, тың технологиялардың ендірілуі мен трансплантология саласының дамуымен түсіндіріледі.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бұл бағытта бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде бағдарламаның жобасы жасалады. Бағдарламаны Үкіметке ұсынамыз. Бұл жұмысты жолға қою үшін барлық мемлекеттік органдар тартылатын болады", - деп атап өтті Ж.Бүкітбаев.

Бүгінгі күні Қазақстанда жылына консервіленген қанның шамамен 200 мың литрі, плазманың 80 мың литрі, тромбоконцентраттың 18 мың емдік дозасы дайындалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны