17.02.2011, 17:38 3416

Астанада ақпанның соңына дейін қоғамдық көліктерді GPS-бақылау жүйесі енгізілетін болады

Астанада ақпанның соңына дейін қоғамдық көліктерді GPS-бақылау жүйесі енгізілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім еткен.

Астана. 17 - ақпан. Kazakhstan Today - Астанада ақпанның соңына дейін қоғамдық көліктерді GPS-бақылау жүйесі енгізілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім еткен.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, "автобустардың аялдама қосындарына кестеге сәйкес, өз уақытында келуін бақылауға мүмкіндік беретін, қоғамдық көлікті GPS-бақылау жүйесін бір айдың ішінде енгізу жоспарлануда", -деді И.Тасмағамбетов.

Ол бұл мәселе бойынша астаналықтардан өте көп шағым келіп түсетінін атап өтті.

Одан бөлек, әкім соңғы үш жылдың ішінде астанаға 237 жаңа автобус алынып, 383 ескі автобус пайдаланудан шығарылғанын хабарлады.

"Ағымдағы жылы тағы 115 автобус сатып алып, талапқа сай келмейтін 165 автобусты пайдаланудан шығару жоспарлануда", - деп ақпарат берді Астана мэрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны