14.08.2026, 13:30 33441

Астанада қала аудандардың шекарасы түзетіліп, жеті жаңа автобус бағыты іске қосылады

Астанада бірнеше ауданның шекарасын нақтылап, жеті қосымша автобус бағытын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы 14 тамызда елордалық мәслихаттың отырысында хабарланды.

Астананың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметовтің мәлімдеуінше, өзен арнасы арқылы өткен шекаралардың жекелеген бөліктеріне түзету енгізілді.

Шекаралар нақтыланғаннан кейін аудандардың аумағы мынадай болады:

Алматы ауданы - 8 518 гектардан 8 412 гектарға дейін, яғни 106 гектарға қысқарады;

Есіл ауданы - 20 431 гектардан 20 518 гектарға дейін, яғни 87 гектарға ұлғаяды;

Сарыарқа ауданы - 6 775 гектардан 7 144 гектарға дейін, яғни 369 гектарға ұлғаяды;

Нұра ауданы - 18 927 гектардан 18 516 гектарға дейін, яғни 411 гектарға қысқарады;

Байқоңыр ауданы - 18 129 гектардан 18 190 гектарға дейін, яғни 61 гектарға ұлғаяды.

Бұл өзгерістер жер кадастрындағы мәліметтерді жаңарту және аудандардың ресми шекараларын нақты шекаралармен сәйкестендіру үшін қажет.

Отырыста қоғамдық көлікті дамыту мәселесі де талқыланды. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин тұрғындардың өтініші бойынша жеті қосымша бағытты іске қосу ұсынылғанын хабарлады:

№67 - Пригородный тұрғын алабы - "Ырыскелді қажы" мешіті;

№74 - Ұлы Дала даңғылы - Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы;

№76 - "Алай" базары - Железнодорожный тұрғын алабы;

№83 - Өндіріс тұрғын алабы - теміржол вокзалы;

№506 - Жансүгіров көшесі - Family Village коттедж қалашығы;

№507 - Нұрлы жол теміржол вокзалы - "Жағалау-4" тұрғын үй кешені;

№508 - Нұрлы жол теміржол вокзалы - Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы.

Қарағойшиннің айтуынша, жаңа бағыттар сұранысқа ие болады. Оларды тәулігіне 30 мыңға дейін жолаушы пайдаланады деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны