08.11.2018, 18:23 6216

Астанада "Алаш туы астында" атты деректі фильмніӊ тұсаукесері өтті

Айта кетсек, "Алаш туы астында" фильмі үш бөлімнен тұрады. "Оян, қазақ!" атты алғашқы бөлімде Алаш қозғалысыныӊ қалыптасу кезеӊі, жәдидтік ағым мен батыс мәдениетініӊ ықпалы, қазақ баспасөзініӊ бастаулары, Дума жұмысына араласу, 1916 жылғы көтеріліске көзқарас мәселелерініӊ түйткілді тұстары айтылады.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - Астанада "Kinopark 8 IMAX Saryarka" кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Ел" продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін "Алаш туы астында" атты деректі фильмініӊ тұсаукесері өтті. Режиссері - Ерген Тоқмурзин.

Фильмніӊ тұсаукесеріне ҚР Мдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келіп қатысты және салтанатты рәсімін басқарды.

- Елбасы Н.Назарбаев өзініӊ "Тарих толқынында" кітабыныӊ "Алаш мұрасы және осы заман" атты тарауында: "XX ғасырдыӊ басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтыӊ ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамныӊ түрлі тарабынан шыққандар, әрі еӊ алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерініӊ өкілдері еді. XX ғасырдыӊ басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуыныӊ ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал" - деп көрсеткен болатын. Осы орайда, Алаш азаматтарыныӊ тарихи аз уақытта қазақ халқына сіӊірген еӊбегініӊ бағасы өлшеусіз екенін баса айтқым келеді. "Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!" - деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтай бүгінде алаш ізбасарлары баршылық. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алаш арыстары ұстанған ұлттық идеяны бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда ұштастырып, көреген саясатты ұстанып келеді, - деп кеӊінен тоқталды министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, құрметті қонақтар қатарында ҚР Мәжіліс парламентініӊ депутаты Азат Перуашев болды.

- Бүгін шын мәнісінде ерекше оқиға болып отыр. Алаш азаматтарына арналған деректі фильмніӊ тұсаукесері өтіп жатыр. Осыдан жүз жыл бұрын алаш азаматтары өздерін құрбандыққа шалып, аянбай еӊбек еткен. Соны бүгін біз ұмытпай, ұлықтап отырмыз. Көпшілікке белгісіз парақтарды ашайық деп отырмыз. Фильмді түсірген топқа алғыс білдіре отырып, осындай фильмді өндіріске жібергеніне мәдениет министрлігі және спорт министрлігі мен министр Арыстанбек Мұхамедиұлына көп рахмет айтамын, - деді Азат Перуашев.

Фильмді түсіру тобы Алаш қайраткерлерініӊ ізімен Семейдіӊ Алаш қаласы аталған аумағында, Мәскеудегі Кремль, Санкт-Петербургтегі Дума отырыстары өткен Таврия сарайында, Смольныйда, Санкт-Петербург, Қазан университеттерінде, Уфадағы Мемлекеттік Мәжіліс өткен бұрынғы "Сібір" қонақүйінде түсіру жұмыстарын жүргізген.

- Өз атымнан фильмніӊ жарыққа шығуына ықпалдастық еткен Мәдениет және спорт министрлігін басқарып отырған Арыстанбек Мұхамедиұлына, "Қазақфильм" киностудиясына, "Ел" продюсерлік орталығына және Қазақстанныӊ Ресейдегі елшілігіне алғысымды айтқым келеді. Бұл фильм Алаш орданыӊ жүз жылдығына арналғандықтан, осы бір ғасырдан кейінгі тарихты қорыту, салмақтау, Алаш қайраткерлері қазақ халқына қандай ұран қалдырды тағы бір ой елегінен өткізу, -деді сценарий авторы Болат Мүрсәлім.

Айта кетсек, "Алаш туы астында" фильмі үш бөлімнен тұрады. "Оян, қазақ!" атты алғашқы бөлімде Алаш қозғалысыныӊ қалыптасу кезеӊі, жәдидтік ағым мен батыс мәдениетініӊ ықпалы, қазақ баспасөзініӊ бастаулары, Дума жұмысына араласу, 1916 жылғы көтеріліске көзқарас мәселелерініӊ түйткілді тұстары айтылады.

Екінші бөлім "Жарияланбаған автономия" деп аталады. Бұл бөлімде 1917-1920 жылдардағы Алашорда үкіметініӊ қызметі тереӊінен қамтылған. Алаш қайраткерлері неге тәуелсіздікті емес, неге автономияны таӊдады? Алаш әскері қалай жасақталды? Алаш автономиясы жарияланды ма, жоқ па? И.Бөкейхан мен М.Шоқай Уфадағы Мемлекеттік мәжілісте ұлт-азаттық күрес мүддесін қалай қорғады? Екінші бөлім осы сипаттағы сауалдарға жауап іздейді.

"Қатерлі өткел" деп аталатын үшінші бөлім - 1920 жылғы қазақ шекарасын анықтаумен басталатын Алаш қайраткерлерініӊ Кеӊестік дәуірдегі күресіне арналған. Бұл бөлімде Голощекинніӊ қырғыны, Сталиндік репрессия жылдарындағы Алаш тағдыры нақты деректермен көрсетіледі.

"Алаш туы астында"

Фильмніӊ Бас кеӊесшісі - Мәмбет Қойгелді

Шығармашылық кеӊесшісі - Тұрсынжан Шапай

Режиссері - Ерген Тоқмурзин

Сценарий авторы және әӊгімелеушісі - Болат Мүрсәлім

Қоюшы операторы - Мұстафа Өнер

Композиторы - Бейбіт Ақош

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны