09.10.2015, 12:27 4560

Астанада "Ил-Баракат" компаниясыныӊ басшысы тұтқындалды

Астанада атышулы "Ил-Баракат" құрылыс компаниясыныӊ басшысы ақыры қамауға алынды. Сарыарқа ауданыныӊ соты Бақытжан Тойымбетовке қатысты осындай шешім шығарды

Астана. 09 Қазан. Kazakhstan Today - Астанада атышулы "Ил-Баракат" құрылыс компаниясыныӊ басшысы ақыры қамауға алынды. Сарыарқа ауданыныӊ соты Бақытжан Тойымбетовке қатысты осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аты дауға қалған құрылыс компаниясыныӊ бас директорына "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Яғни, тұрғын үй нарығында небары 1 жарым жыл жұмыс істеген компания салымшылардан заӊсыз ақша жинады деген күдікке ілінген. Енді Бақытжан Тойымбетов тергеу біткенше қамауда отырады. Одан кейінгі тағдырын сот шешуі тиіс. Естеріӊізде болса, былтыр осы "Ил Баракат" құрылыс компаниясын Астана әкімдігі "алаяқ" деп жариялаған. Тіпті, "Ил Баракаттыӊ" тұрғын үй салуға лицензиясы жоқ деп, салымшылардан алдап жатқанын айтқан еді. Десе де Тойымбетовтыӊ өзі мұны бизнестегі бәсекелестерініӊ әрекеті екенін алға тартып, әкімдік алында қарсылық шарасын да ұйымдастырғаны есте, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны