26.02.2013, 13:48 12399

Астанада алғаш рет бауырды алмастырып салу операциясы жасалды

55 жастағы емделушінің доноры - өзінің туған баласы. Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы жақсы. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астана. 26-ақпан. Kazakhstan Today - Өткен аптада Астанада №1 аурухананың мамандары Мәскеудің Н.В.Склифосовский атындағы Жедел жәрдем ҒЗИ дәрігерлерімен бірлесіп, алғаш рет бауырды алмастырып салу бойынша операцияны жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

55 жастағы емделушінің доноры - өзінің туған баласы. Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы жақсы. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

2011 жылы емделуші гепатологтың қабылдауында болғанда, оған бауырдың бастапқы билиарлы циррозы диагнозы қойылды. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін оның бауырын алмастырудан басқа амал қалмаған. №1 қалалық аурухананың мамандары Н.В.Склифосовский атындағы Жедел жәрдем ҒЗИ дәрігерлерімен бірлесіп ота жасауға бел буды.

Қазіргі кезде мұндай операцияға мыңнан астам қазақстандық мұқтаж. Қазақстанда бірқатар себептерге байланысты, ағзаны алмастырып салу оталары кенжелеп тұр. Сондықтан, аурулардың басым бөлігі шет елдерге жіберіледі. Бір айта кетерлігі, "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылғалы, отандық медицина жоспарлы түрде мамандандырылған медициналық көмекті дамытып келеді. Кеше ғана мүмкін еместей болып көрінген ішкі органдарды ауыстырып салу операциясы бұл күндері едәуір қарқын алып келеді.

Бауырды алмастырып салу отасы Республикамызда сегізінші рет, ал Астанада алғаш рет жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны