04.07.2018, 17:48 5077

Астанада алғашқы интеллектуалды көліктік жүйе орнатылды

Жүйе жол бойына орналастырылған бірнеше медиабордттардан тұрады. Олар жол қозғалысына қатысушыларға қажет щұғыл ақпаратты жеткізуге арналған: жақын маӊдағы көшелерге жету навигациясы мен жолға кететін уақыт, көшедегі көлік ағымыныӊ жылдамдығы, ТЖ туралы хабарлама, жақындап қалған жедел жәрдем көлігіне жол беру ақпараты, ауа-райы, валюта бағамы және қала әкімдігініӊ жедел хабарламалары.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - "Astana" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Billboard video компаниясы Цифрландыру тұжырымдамасыныӊ аясында Астана қаласында интеллектуалды көліктік жүйе жобасыныӊ бастау алғандығын хабарлайды. Жоба Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешевтіӊ тапсырмасымен жүзеге асырылған.

Жүйе жол бойына орналастырылған бірнеше медиабордттардан тұрады. Олар жол қозғалысына қатысушыларға қажет щұғыл ақпаратты жеткізуге арналған: жақын маӊдағы көшелерге жету навигациясы мен жолға кететін уақыт, көшедегі көлік ағымыныӊ жылдамдығы, ТЖ туралы хабарлама, жақындап қалған жедел жәрдем көлігіне жол беру ақпараты, ауа-райы, валюта бағамы және қала әкімдігініӊ жедел хабарламалары.

Жүйе ауқымды ақпаратты өӊдеуге дағдыланған (Big Data) технологиясын қолдану арқылы бір орталықтан басқарылады. Алдағы уақытта оныӊ көмегімен әр түрлі себептерге қарай, мысалы ауа-райыныӊ қолайсыздығы, жол жөндеу жұмыстары, бағдаршам қызметініӊ өзгеруі сияқты жағдайларда жолдағы қозғалысты жоспарлауға мүмкіндік туады.

Алғашқы медиаборд сынамалы жоба негізінде Ботаникалық бақтыӊ жанында Түркістан көшесініӊ бойына орналастырылды.

Астана қаласында барлығы осындай 40 медиаборд орналастыру жоспарланған. Жоба 100% Қазақстанда әзірленген және әлемде оған ұқсас жоба жоқ екендігін атап өтеміз.

Анықтама: "Аstana" ИКК" ҰК" АҚ - аймақтық даму институтыныӊ жаӊашыл бағытын ұсынып, Астана қаласыныӊ индустриалды-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосады. Өз қызметінде қаржы институттарыныӊ әлемдік тәжірибесін қолданады. Елорда аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын бизнес өкілдерімен сенімді серіктестік орнатады.

"Billboard video" компаниялар тобы- "ақылды қаланыӊ" интеллектуалды көліктік жүйе бағдарламасыныӊ жалғыз әзірлеушісі және операторы. Биыл компания әлемдік нарыққа шығып, Сингапур, Гонконг пен Абу Дабиде жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны